14.08.2018, 18:34
Қараулар: 80
Үздіктерге қарап сап түзейді

Үздіктерге қарап сап түзейді

Өзінің туған елінің қасиетті шекарасын көзінің қарашығындай күзетіп жүрген шекарашылар қызметі аса жауаптылығымен ерекшеленеді.

Қырағылық танытып, қай кезде де оқыс жағдайға даяр болу әр қызметкердің абыройлы міндеті. Ел тыныштығын сақтауға үлес қосып жүрген — ҰҚК Шекара қызметі “Батыс” өңірлік басқармасының Орал отрядына қарасты “Шыңғырлау” шекара комендатурасының офицері аға лейтенант Жандос Ахметбеков өзініңүздік қызметімен дараланған шекарашылардың бірі.
Шекара комендатурасының офицері ҰҚК Шекара академиясының 2016 жылғы түлегі. Қазіргі уақытта Шыңғырлау шекара аймағы бағытында екі жылдан астам Отан алдындағы борышын атқарып және жүктелген міндеттерді бұлжытпай орындауда. “Шекараны бүкіл ер қорғайды” қағидасын берік ұстанған офицер шекара аймағының тұрғындарымен және құқық қорғау органдарымен қажетті қарым-қатынас орната отырып, өз қызметін абыроймен атқарып келеді.
Оның өз жұмысында жауапкершілік таныта отырып, заңсыз шекара бұзу-шыларға тосқауыл қойып келе жатқанының дәлелеі баршылық. Соның бірі үстіміздегі жылдың басында шекара сызығының бойында Ресей Федерация-
сына заңсыз түрде мемлекеттік шекарадан Өзбекстан азаматтарын өткізбекші болған Қа-зақстан Республикасының азаматының әрекетіне тосқауыл жасап, ҚР қылмыстық кодексінің 394 бабына сәйкес “Заңсыз көші-қонды” ұйымдастырғаны үшін қылмыстық іс қозғалып 6 айдан 3 жыл-ға дейін бостандығына шектеу қойылуына ат салысуы.
Сонымен қатар, өз әріптестерімен біріге отырып шекара аумағында бекітілген режимдерді бұзғаны үшін 30-дан астам шетел азаматтары мен Қазақстан азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылуына үлесін қосты.
Еліміздің Ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ұланғайыр мемлекеттік шека-рамызды қорғауда қиын да абыройлы, жауап-кершілігі мол жұмыс жолында тынбай еңбектеніп жүрген барша шекарашыларды мерекелерімен құттықтап табыс, қажымас қайрат тілейміз. Еліміз аман, шекарамыз тыныш болсын.

Әлия Кузбаева