13.08.2018, 18:23
Қараулар: 4
Жастар және «Жасыл ел»

Жастар және «Жасыл ел»

«Жасыл ел» жастар жасағының сарбазы болу – қазіргі таңда үлкен бедел, олай дейтініміз студенттер бос уақыттарында еліне қызмет етіп, туған жерін гүлдендіруге, көгалдандыруға атсалысса, екіншіден, жазғы демалыстарын тиімді өткізеді.2005 жылы Елбасының тікелей қолдауымен қолға алынған «Жасыл ел» бағдарламасы бүгінге дейін сан мыңдаған жасты еңбекке баулып, қоршаған ортаның көркеюіне септігін тигізуде. Үстіміздегі жылы ауданда 18-29 жас аралығындағы студенттер мен жұмыссыз жастар үшін республикалық «Жасыл ел» штабынан 40 квота бөлінді. Аталмыш бағдарламаға негізінен студент жастар қатысады.  «Жасылелдіктер» жаз мезгілінде екі ауысымда еңбек етуде. Қазіргі таңда ауданда студенттердің өз еріктері бойынша құрылған жасақтарда маусым айының 15 тамыз айының 15 дейін барлығы 40 жас еңбек етуде. Ал, шілденің 16 бастап  тамыздың 15  дейін еңбек маусымының екінші кезеңі өз жұмыстарын  аяқтауға жақын. Олар орман шаруашылық мекемесінде тұқымбағын шөптеу, ағаш тұқымдарын жинау,орман алқабын тазарту және көше бойында егілген ағаштарды қопсыту  жұмыстарын жүргізуде жастардың көмегі орасан зор. Сонымен қатар,  жастар аудан бойынша өткен «Таза орман», «Таза жағалау»  акцияларына қатысып «Елек», «Қонақай»  су жағалауын, Шынғырлау –Ақсай бағытындағы автокөлік жолдары жолақтарын қураған ағаштардан тазалау жұмыстарына қатысып, өздеріндей жастарға үлгі бола білді.  Атап айтсақ, Алсу Мұзафарова, Рината Мұртазина, Әділет Сүлейманов, Берік Бадьяков, Жарқын Ибрагимов, Әділет Шакенов, Лайла Мұхитова еңбек жасағының белді мүшелері.  Барлық жастар өз міндеттерін жақсы атқарады.   Жаз мезгілінің ыстығына қарамастан  ата-анасына қолқанат болып, қоршаған ортаға қорғаныш болып, бос уақытын тиімді пайдаланым деген жастардың көбеуі сүйсінтерлік жәйт. Мекеме ұжымы «жасылелдіктерге» жасаған жұмыстары үшін алғыс білдіріп, белсенді жастар келесі жылғы жазғы демалыстарында еңбек жасақтарымен бірге өткізеді деп сенеміз.  Өнікті еңбек етіп, ауданымыздың табиғатының көркеюіне үлес қосқан барлық стулент жастарға алдағы оқу жылына сәттілік тілейміз.

                 Н.Сатанғалиева,

  аудандық орман және жануарлар

дүниесін қорғау жөніндегі ММ

орман инженері