10.08.2018, 18:19
Қараулар: 3
Жастар төрағасымен кездесті

Жастар төрағасымен кездесті

Жуырда ауданымызға «Жас Отан» Жастар қанаты  Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Нұрғали Жолдасқалиев және Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының саяси партиялар және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бөлімінің бас маманы Әлихан Қайыров келіп аудан әкімінің қабылдауында болып, кейін «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Байтенованың төрағалық етуімен өткен аудан жастарымен кездесу шарасына қатысты.

Олар мемлекет тарапынан жас-тарға жасалып отырған барлық мүмкіндіктерді саралап айтып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Кездесу барысында жастар саясатының өзекті мәселелері және отансүйгіштікке тәрбиелейтін, салауатты өмір салтын насихаттайтын шараларды ұйымдастыру жөніндегі сұрақтар талқыланды. Сонымен қатар, жиын барысында Елбасының “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында ауданда атқарылатын жұмыстар туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкері Г. Махметова, “Жас Отан” Жастар қана-тының аудан бойынша атқарылған есебі туралы  аудандық филиалының атқарушы хатшысы Э.Хабдулов, аудандық жастармен жұмыс жө-ніндегі ресурстық орталығының директоры А. Байболат сөз алды. «Жас Отан» Жастар қанаты аудандық филиалының атқарушы хатшысы Э.Хабдуловқа филиал төрағасы атынан алғыс хат табысталды.

Өз кезегінде аудан жастары, Елба-сымыздың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаhандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында алға қойған мақсаттарын жұмыла жүзеге асыру біздің еншіміздегі беделді міндет дей келе, жаңғыру жолына нық сеніммен қадам басып, өздеріне берілген зор мүмкіндіктерді ұтымды пайдаланатындарын жеткізді.

Әлия Кузбаева