3.08.2018, 18:20
Қараулар: 6
«Нұр Отандағы» қабылдау

«Нұр Отандағы» қабылдау

Қазақстан Республикасының Президенті, партия Төрағасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан жолы — 2050» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында «Нұр Отан» партиясына мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың өмір сапасын арттыру жұмысын жүктеген болатын. Осы орайда 1 тамыз күні «Нұр Отан»  партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Байтенованың төрағалық етуімен «Кедергісіз болашақ» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті. Жобаның мақсаты: мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар-дың өмірінің сапасын арттыру.

Қабылдауға аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ауылдық округ әкімі аппараты, аудандық орталық аурухана, әділет басқармасының қызметкерлері мен мамандары қабылдау жүргізді. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Байтенова қабылдауға келген мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініш-тілектерін назарға алып, оң шешімін табарына оларды  сендірді.

Алия КУЗБАЕВА