30.07.2018, 18:44
Қараулар: 44
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы комиссия отырыстары

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы комиссия отырыстары

Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 5 институционал-дық реформасы және «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл-дың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасымен айқындалған маңызды кезең бүгінгі таңда одан әрі дамуда. Осы орайда біздің партия жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлде төзбеушілік ахуалын қалыптастыру жолымен жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тартуға күш салады.
«Нұр Отан» партиясы өзінің «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасы негізінде, жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік ахуалын жасау жолында және жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тартуға салмақ салуда. Бұл шараларды іске асыру мақсатында,Шыңғырлау аудандық партияның филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық Кеңес жұмыс жасауда. Аталған қоғамдық кеңестің құрамындағы мүдделі мекеме басшыларының,”Нұр Отан” партиясы мүшелерінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы есептерімен жоспарлы тыңдалып, жемқорлық және құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған тапсырмалар берілді. Сондай-ақ, барлық бастауыш партия ұйымдарының ұйымдастыруымен«Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеуші ел» партиялық жобасы аясында тиісті шаралар жүзеге асырылуда. Аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция жанынан құрылғанмониторинг және бақылау тобы, «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы Ұлттық қордан бөлінген қаржының жұмсалуын,«Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту», «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, су, жылыту жүйесінің инфрақұрылымын жаңғырту, тұрғын-үй инфрақұрылымын нығайту», «Агроөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» мемлекеттік бағдарламаларына бөлінгенмемлекет қаржысының тиімді жұмсалуын қадағалау мақсатында, партияның аудандық филиалы жанынан бақылайтын комиссиялары жұмыс жасауды.

Шыңғырлау аудандық партияның филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық Кеңес және Партиялық бақылау комиссияларының өткен отырыстарында «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-шара жоспарының орындалуы туралы (С.Байтенова), аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі саласында мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалуы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары туралы (Т.Сәмиев), аудандық филиалдың бастауыш партия ұйымдарының партиялық мүшелік жарналардың уақытылы жиналуын ұйымдастыру (Ғ.Жұмағазиев), аудандық филиалдың партия мүшелерінің партиялық тәртіптерін нығайту және Партия мүшесінің этика кодексін ұстануы туралы (Қ.Жазықбаев) баяндамалар тыңдалды.
«Сыбайлас жемқорлық – Қазақстанның қазіргі экономикалық, саяси және қоғамдық өміріндегі аса өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. «Нұр Отан» партиясы өзінің 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі арнайы бағдарламасын қабылдап, жүйелі жұмыстар жүргізуде,-деп атап өтті баяндамасында төрағаның бірінші орынбасары С.Байтенова.
«Нұр Отан» партиясы алдағы уақытта да тиісті органдармен бірлесіп, жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың алдын-алу мақсатында ұйымшылдықпен жұмыс жасайтын болады. Қоғамдық кеңес мүшелері шара соңында өз ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Светлана Байтенова