30.07.2018, 18:41
Қараулар: 64
“Таза жағалау” — тазалық кепілі

“Таза жағалау” — тазалық кепілі

Көктем келісімен көпшіліктің жасыл желекке оранған табиғат аясына асығатыны хақ. Көбіне өзен-көлдердің маңайын төңіректейтіндердің бәрі бірдей емес. Тек тынығып қана қоймай, демалыс мекендерін ластап кетеді. Осыған орай 27 шілде күні Шыңғырлау ауданы бойынша «Таза жағалау» экологиялық акциясы оздырылды.
Табиғатты қорғау шарасына аудандық мекеме қызметкерлері мен жастар ұйымдарының өкілдері атсалысты. Олар Қонақай, Движок көлдерінің жағалауларын, Елек өзені, Жаңакүш су бөгеті, Ащы өзені жағалауларын қоқыстан тазартты. Сонымен қатар, ауылдық округтерде де тазалық жұмыстары жүргізілді. Атап өтсек, Амангелді, Жіңішке бөгеттері, Ақсуат, Қайыңды (Утва), Ақши, Шыңғырлау, Қуағаш өзендерінің жағалаулары да қалдық-қоқыстан тазартылды.
“Ел болам десең, бесігіңді түзе” деген бар. Алтын бесік туған жеріміздің өзен-көлдері жағаларының таза, әсем болуы өз қолымызда. Сол пәк табиғатты сақтау, қорғау баршамыздың міндетіміз. Айталық, көркемдікпен көмкерілген, сәнді болып жайқалып тұрғаны өзімізге де жақсы емес пе?
Жасыл жағалаулы өзеніміздің, балығы тулаған көлдеріміздің байлығын бағалап, өңірімізді әдемі қалпында сақтауға үлес қосайық.

Алия КУЗБАЕВА