26.07.2018, 17:56
Қараулар: 3
Жастардың жұмысы бағаланды

Жастардың жұмысы бағаланды

Шыңғырлау аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурс орталығының жұмыс істегеніне көп уақыт өте қойған жоқ. Десек те олардың атқарған жұмыстары айтарлықтай көп және бағалауға тұрарлық.

Күнделікті жұмыстарын айт-пағанның өзінде ауданның қоғамдық жұмыстарының бел ортасында шыңғырлаулық жаста-рымыздың жүргенін көреміз. Көптеген шараларға мұрындық болып, ауданымызға жаңа серпін, жаңашыл жобалар әкелгенін білеміз. Жақында, облыста өткен жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың біліктілігін артты-руға бағытталған семинар-кеңес жұмысында барлық жұмыстар сарапталып, жастар саясатына қатысты мәселелер ортаға са-лынғанды. Сонымен қатар келелі істер екшеленіп, алдағы күннің жоспарлары белгіленді. Еңбектері де бағаланды. Осы аталмыш жиында біздің ауданның жастары да үздік деп саналып орталықтың директоры Алмат Байболат облыс әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұловтың қолынан Алғыс Хат алды.
«Батыс Қазақстан өңірінде мемлекеттік жастар сая-сатының жүзеге асыры-луына қосқан сүбелі үлесіңіз бен қажырлы қайратыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Ортақ жұмыстың орындалуы мен жастарға арналған бастамалық іс-шаралардың жүзеге асуы-ұжымның адал қызметі мен еңбегінің арқасы. Ұжымның адал қызметі арқасында ар мен намыстың қымбаттылығын мәңгі сақтау арқылы тұғырлы тәуелсіздіктің жолында аян-бай еңбек етуге тілектеспін»,-делінген Алғыс хатта.
Еңбектің еленуі — алдағы күнге шабыт берері сөзсіз, демек алда талай жұмыстар жасалмақ.

А.Муса