24.07.2018, 19:13
Қараулар: 3
Лагерь-рухани өмір ордасы

Лагерь-рухани өмір ордасы

Аудан орталығы мен ауданымызға қарасты ауылдардан жиналған балауса балдырғандардың жазғы демалыс күндерін көңілді әрі қызықты өткізу мақсатында аудандық «Арай» жазғы демалыс лагерінде бірқатар мәдени-танымдық шаралар өткізіліп келеді. Атап айтар болсақ, оқушылардың таным көкжиегін кеңейту мақсатында «Білгірлер бәйгесі», «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда», ұлт-тық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Дәстүрін ұлықтаған ел ардақты», «Ән — көңілдің ажары», «Бозбала мен бойжеткен», сонымымен қатар, «Көңілді эстофета», «Квест» сынды спорттық ойындар да ұйымдастырылып, шығармашылыққа толы басқа да көптеген шаралар жүзеге асырылды. Сондай-ақ, аудандық кітапхана ұжымы мен мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен танымдық сайыстар мен концерттік бағдар-ламалар да лагерь қабырғасында ұйымдастырылып, оқушылармен аудандық «Өлкетану музейіне», орталық саябаққа саяхат жасалынды. Төрт кезеңге белгіленген лагерь онкүндігінің бүгінде төртінші кезеңі де аяқталуға жақын. Әр кезең сайын оқушылардың бір-біріне деген, лагерь ұжымына деген қимастық сезімдері қоштасу күні жақындаған сайын жәудіреген жанарларынан-ақ байқалып тұрады. Демалушы балдырғандар қоштасу күнінде кешкі алау жанына дөңгелене жиналып, гитара үнімен үндесе ән шырқап, бір-біріне жылы лебіздерін арнап, ықыластарын білдіреді. Сөйтіп «Қимаймын, достар, сендерді» деген үлкен қимастық көңілмен ауыл-елдеріне аттанады.

Самат БАЙБОЛАТ
аға тәлімгер