20.07.2018, 18:37
Қараулар: 51
Жарты жылдық жұмыс қорытындыланды

Жарты жылдық жұмыс қорытындыланды

Жақында Шыңғырлау аудандық сотының төрағасы Миржан Кадырбаев брифинг өткізіп, аудандық соттың 2018 жылғы 6 айлық жұмысын  қорытындылады.

Тарқатып айтсақ, 29 қылмыстық іс қаралып, оның ішінде 8 қылмыстық іс бойынша медиация қол-дану арқылы іс жүргізу тоқтатылған. 20 қылмыстық іс бойынша 24 адамға қатысты айыптау үкімі шығарылған. 77 азаматтық  іс  бойынша  50 шешім, 10 сот бұйрығы шығып, 7 іс бойынша іс жүргізу медиация тәртібімен тоқтатылып және 4 азаматтық істе  бітімгершілік келісімдер бекітілген. 6 азаматтық іс бойынша ҚР АПК-нің 277 бап 4 тарм. сай талапкердің талаптан бас тартуына байланысты тоқтатылған. Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен 32 азаматтық іс қаралған.

Сот төрағасының айтуынша  бүгінгі таңда сот жүйесіндегі көптеген оң өзгерістерге соның ішінде, қазіргі уақытта   жүргізіліп отырған  жаңа реформаларды пайдалана отырып жұмыс атқару жақсы жолға қойылған.-

Сонымен қатар, бүгінгі күні соттардың қызметіне ақпараттық технологиялардың жаңа жетістіктері батыл енгізілуде. Тараптар сотқа келмей-ақ, интернет арқылы сотта өзінің құжаттарының жылжуымен таны-суға мүмкіндік беретін ақпараттық сервистерді пай-даланып, соттарда барлық іс жүргізу электронды жүйе арқылы жүзеге асыра алады.  Шыңғырлау аудандық соты-
мен осы есептік кезеңде 9 қылмыстық іс, 42 азаматтық іс электронды түрде қара-
лып аяқталған, бұл бірін-шіден азаматтарды қағазбастылықтан арылтса, екіншіден электронды түрде қаралған істер бойынша мәліметтерді үйден шықпай-ақ  қарауына мүмкіндік туғызып отыр. Осы өзгерістердің өзі сот жүйесіне деген халықтың сенімін арттырады.-дейді сот төрағасы.

Негізінен, аудандық соттың жұмысы күрделі, олар  тек қана түскен арыз-шағымдарды қараумен шек-
телмейді, мемлекеттік және басқа мекемелермен кез-десулер өткізіп, дөңгелек үстелдер, брифингтер, ашық есік күндері және сот жүйесі-нің имиджін көтеруге бағытталған басқа да шаралар өткізіп тұрады.

 А.Муса.