19.07.2018, 19:12
Қараулар: 17
Өнерлінің өрісі кең

Өнерлінің өрісі кең

«Батыс Қазақстан облысы мүгедектері ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 30 жыл толуына орай 18 шілде күні  аудандық мәдениет үйінде  мүмкіндігі шектеулі жандар арасында  фестиваль  өткізілді.   Фестивальдің негізгі мақсаты — мүмкіндіктері шектеулі адамдардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және өзін-өзі көрсетуге жәрдемдесу, қоғамға мүгедектердің етене араластырудың тиімді тәжірибесін көрсету.

Байқауға  барлық ауылдық окургтерден келген өнерлі жандар  ән мен күйден бастап, сурет салу, кесте тігу, аплекация, тігу шеберліктерін ортаға салды.

Бұл сайыста Ақшат ауылдық округі бойынша көркемсөз оқудан Ерназ  Бисманов,   вокаль жанры бойынша Мұсағалиев Кенжебек  І орындарды иеленді. Шыңғырлау ауылдық округі бойынша аспапта ойнаудан Тілекші Кереев,  қолөнерден  Анар Жұбаниязова І орындарға ие болды.

Шараны аудандық  мүгедектер қоғамдық ұйымы, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі,  аудандық әлеуметтік қорғау, және бағдарламалар бөлімі бірігіп өткізді.

Сырлы әлемге жақын жүретін өнерлі қыздарымыз ақбұлақтық Аягөз Құрманғалиеваның дән түйіршіктерінен жасаған “Ұядағы тауық” туындысы ерекше. Ал Анар Жұбаниязова болса тоқу мен тігу өнерінің нағыз шебері екенін көрсетті. Сұлтан Сүлейменовтің салған суреттері тақырыбымен, әрі сұлулығымен, жазу ерекшелігімен басқалардан оқшау тұр.

Әр өнерпаз өзінше бір әлем  іспеттес.

“Бұлақ көрсең көзін аш” дейді халқымыз өнер жолына ұмтылған жастарға қолдау көрсетіп, қамқоршы болғанымыз абзал.

Барлық қатысушылар «Нұр Отан» партиясы  аудандық филиалы төр-ағасының  бірінші орынбасары С. Бай-
тенованың  ұйымдастыруымен «Әйгерім» кафесінен түскі ас ішіп, ризашылықпен ауылдарына аттанды.

Адақ Шотпанов