16.07.2018, 18:59
Қараулар: 44
Кәсіпкерлер отбасылары жарыс жолында

Кәсіпкерлер отбасылары жарыс жолында

Аудандық саябақта, «Болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудан кәсіпкерлері отбасылары арасында асық атудан аудан біріншілігі өтті.

Жарысқа қатысушы отбасылар (әкесі, анасы» баласы) кезектесе асық ату бойынша шеберліктерін сынады.
Асық спорты күрделі. Қолға алған сақаны түзу бағыттап қана қоймай, шиыра атып дәл тигізу қиындығы мол шаруа.
Сонысымен де асық ату спорты күрделі. Ертеде әр ауылда асық ойыны ешкімнің шақыруынсыз-ақ өтіп жататын. Ірілі-ұсақты, қызыл, көк, сары түсті асықтар әр үйдің бұрышында жататын. Қорғасын құйылып, төрт жағы қайралған сақалар, алшы, тәйке тұруға бейімдеп қайралған ойын сақалары сол жиналған асықтар арасында ерекшеленіп көрінетін еді. Киіз басқан үйдің бояу қайнатқан қазанына асықтарын тоғытып алып қынадай алқызыл асықты иеленген баладан бақытты адам болушы ма еді ауылда…
Енді жарысымызға келейік. Жарыста бақ сынаған отбасылар арасынан І орын Омарғалиевтер əулеті (Умарғалиев ЖК) Ащысай а/о, ІІ орын Мұханбетжановтар əулеті (Гүлназ ЖК) Полтава а/о, Шыңғырлау ауылынан ІІІ орын Сағындықовтар əулеті (Темирлан ЖК) иеленді. Ең жас отбасы номинациясымен Сағындықовтар əулеті марапатталды. Жеңімпаз отбасылар (командалар) “Шың-ғырлау” спорт клубы атынан дәрежелі дипломдармен және кубокпен марапатталды.

Адақ ШОТПАНОВ