19.07.2018, 19:33
Қараулар: 661
Ел сүйсінген жас талант

Ел сүйсінген жас талант

Аудандық мәдениет үйін-де жиі болатын концерттік бағдарламалар талай дарындыларды алға шығарып, көрерменнің қошеметіне бөлеп, құшақтарын гүлге толтырып, алғысқа бөлейтіні хақ. Талай «танылмаған» таланттардың киелі сахна төрінде тұсауы кесіліп, ары қарай өнерге бауыр басып кетіп жатқандары қаншама!?
Жақсыны көр-мекке дегендей, концертке барғандардың ау-
зынан Тасмоладан келіп, сахнада бір баланың ән салғаны өте ерекше деп естіп, елеңдеп қалғанбыз. Көп ұзамай кезекті бір концертте кіп-кішкене бүлдіршіннің өзін де көрдік-ау!
Концерт жүргізушінің ха-
барлауынан соң маңдай шашы желкілдеп сахна төріне жүгіре шыққан кішкене бала бойына қарамай зор дауысымен ән шырқап кеп жіберді. «Міне, талант!»,- деді көпшілік ша-палақ ұрып. Ия, кәдімгі жүріс-тұрысы, микрафонды ұстағаны, ән салу мәнері де кәнігі әншілердей, «қатып -ақ» тұр! Сөйтсек, жас әнші — Ернар Қасым, Тасмола орта мектебінің оқушысы, биыл-ғы балалардың «Балдаурен» облыстық байқауының вокал бойынша жүлдегері. Бүлдіршіннің ән айтуға деген құштарлығы өте ерек-
ше, өлең десе көздері жар-
қырап, жүрегі өрекпіп тұра-тындай, ән салғанда бар зейін, бар көңілін салады екен. Балақайдың тәлім-гері — оның анасы. Мектепте ұстаздық етумен қатар, баласының өлең айтуға деген талантын ұштап жүрген әнші баланың анасының еңбегі де текке кетпепті. Оның нәтижесі, міне, көрі-ніп-ақ тұр! Лайым, жолы ашық болсын дегіміз келеді.
Айсұлу Муса