11.07.2018, 19:29
Қараулар: 5
Еңбегі еленді

Еңбегі еленді

Мәдениет саласында көп жылдар бойы еңбек етіп, аудандық мәдениет үйінің жұмысын жүргізіп келе жатқан Гүлжамал Жұмағазиеваны білмейтіндер жоқ шығар, сірә. Директорлық қызметпен бірге, сахнада ән салып, домбыра шертіп, осы саланың жұмысын қалай еткенде де сапалы болуға жанын салатын басшының биыл да еңбегі еленіп, марапаттарға ие болғанды.
Ал жақында облыс бойынша мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлері нің «Рухани қазына» облыстық фестивалінің байқауында оның жұмысы үздік деп бағаланып, Шыңғырлау ауданының мәртебесі тағы бір мәрте көтерілді. Гүлжамал Ғұмарқызына Шыңғырлау ауданы, мәдениет саласындағы рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша жасалған жұмыстары үшін І- дәрежелі диплом табыс етілді.