11.07.2018, 19:14
Қараулар: 32
Оларға әрдайым құрмет бар

Оларға әрдайым құрмет бар

Ауданымыздың мәдениет саласы үнемі жақсы жаңалықтарға толы болатыны белгілі. Соның ішінде, еңбектері бағаланып, қомақты жүлделер алып жатса, ауданымыз үшін үлкен абырой. Айта кету жөн, қиын да қызықты жұмысты аталмыш сала қызметкерлері алып жүргенімен, мерейлі мереке кездері олардың қатарын толықтырып отыратын адамдар да баршылық. Мысалы, біздің ауданда зейнеткерлікте болса да, аудан үшін әлі де сүбелі өз үлестерін қосып жүргендер көп. Нақтырақ айтсақ, тек қана жастарға ақылшы болып қана қоймай, ауданымыздың қоғамдық, мәдени өміріне белсене атсалысып жүген ақ жаулықты аналар, ардақты әжелер мен ақсақал, абзал аталар мақтанымыз. Оларды күнделікті өмірде көрудің жөні бөлек те, ал сол үлкендерді сахнада көрудің өзі бір ғанибет! Бүгінгі таңда, үлкендерден құралған «Асыл қазына» ансамблі көпшілікті өнерлерімен сүйсінтуде. Оларға деген құрмет пен сүйініш әрбір концертте байқалады. Олар орындаған патриоттық, ұлттық нақыштағы әндері жанға жағып, сонымен қоса, тәрбиелік мән-мағынаға толы болмақ. Жақында осы ардагер ата-әжелерден құралған «Асыл қазына» ансамблі Астананың 20 жылдығына орай ұйымдастырылған облыстық фестивальге қатысып, үшінші жүлделі орынды иемденді. Ардагер әншілеріміздің мерейлері тасысын, өнерлері үстем болсын!

Айсұлу Арыстанова