9.07.2018, 18:35
Қараулар: 80
Астанамыздың 20 жылдығына арналды

Астанамыздың 20 жылдығына арналды

Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінде Елордамыз Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті. Еліміздің Әнұранымен ашылған салтанатты жиында аудан әкімі Альберт Есалиев құттықтау сөз сөйлеп, жиналғандарға жүрек жарды тілегін арнап Шыңғырлаудың қол жеткен табыстарын атап өтті. Осы мерейлі мерекеге жиналғандар, болашақ журналист, арайлы Астананың құрдасы Айбарша Лекерованың да жылы лебізін тыңдап қол шапалақтады.
Салтанатты жиында ауданымыздың экономикасы мен әлеуметтік саласындағы атқарған елеулі еңбектері үшін бір топ шыңғырлаулықтар аудан әкімінің қолынан түрлі марапаттарға ие болды. Мерекелік жиын соңы тамаша концертке жалғасып, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

А.Муса.

Түсініктеме