22.06.2018, 12:20
Қараулар: 4
Облыс әкімі ауданымызда болды

Облыс әкімі ауданымызда болды

Жуырда ауданымызға жұмыс сапарымен облыс әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгінов келді. Бірінші кезекте Ащысай ауылында болып, осындағы «Ақбұлақ» бағдарла-масы арқылы жүргізіліп жатқан су құбыры құрылыстарының бары-
сымен танысып, мердігер ұйым-ның өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында облыс әкімі аталған жұмыстарды уақытында және сапалы түрде орындауды тапсырды. Бүгінгі таңда қажетті материалдарын тасу және траншея қазу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қоса Ащысай ауылдық округіне қарасты Амангелді ауылының тұрғындары да көптен күткен таза ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Жоба құны 192,072 млн теңге құрайтын құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы аяқталып, ауыл тұрғындары мемлекеттік бағдарламаның шарапатын көретін болады. Одан әрі аудан әкімі Альберт Есалиев аудандағы атқарылып жатырған жұмыстар жөнінде кеңінен тоқталып, жоспарларымен бө-лісті.

Өңір басшысына Ақшат ауы-лындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша салынып жатырған дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстарын арнайы стенд арқылы таныстырды. Жоба құны 120,9 млн теңге құрайтын нысанның мердігер ұйымы “ЛАЙГЭ” ЖШС. Ағымдағы жылдың сәуір айында басталған нысанның  5 ай көлемінде құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сапар барысында облыс әкімі зиялы қауыммен жүздесіп, өз кезегінде ауыл ақса-қалдары атқарылған жұмыстар және қолдау білдіргені үшін облыс әкіміне ел атынан алғыстарын білдірді. Бұдан кейін өңір басшысы Ащысай ауылдық округіндегі «Ғайни» шаруа қожалығының құс шаруашылығында болды. Аталмыш шаруашылық заманауи қондырғыларды пайдалана отырып, энергия көзін жел және күн сәулесінен гибридтік қондырғы арқылы алып отыр. Ферма құс еті мен жұмыртқа өнімін өңдіріп, аудан тұрғындарын толық қамтамасыз ететін болады.

Сондай-ақ, облыс әкімі жергiлiктi кәсiпкерлермен кездесіп, өңiрдегi шағын және орта бизнестiң даму жағдайы туралы әңгiме-дүкен құрды. Өңір басшысының ауданымызға сапары аудан орталығы Шыңғырлау ауылында жалғасын тапты. Алдымен Алтай Сейдірұлы Л.Қылышев және А.Құнанбаев көшелерінің қиылысындағы алаңның абаттандыру жұмыстарымен танысты. Аталмыш жоба аясында ауыл тұрғындары мен қонақтарына арналған тағы бір демалыс орны ашылып, аумақ көгалдандырылып, ландшафттың эстетикалық көрінісін қамтамасыз ететін болады. Одан кейін облыс әкімі Шыңғырлау ауылының шығыс бөлігінде орналасқан бір пәтерлі 30 тұрғын үйде болып, қоныстанушылармен кездесіп, «Патриот» супермаркетінде және аудандық өлкетану музейінде де болды. Сапар соңында облыс әкімі аудандық орталық саябақта жастармен кездесіп, «Plogging — Табиғат cross» эстафетасына бастау берді. Шыңғырлау жастары ресурстық орталығының бастауы-мен ұйымдастырылып отырған акцияның ережесі бойынша жү-гіру кезінде алдынан кездескен қоқысты алып, арнайы пакетке салып жинау қажет. Акцияның ең басты мақсаты жүгіру арқылы денеңді шынықтырып, оған қоса табиғатты қорғауға өз үлесіңді қосу болып табылады. Облыс әкімі атылмыш эстафетаны басқа аудандардың да қолдап, республика көлемінде көрініс табатынына сенімін білдірді.

Өз тілшімізден