22.06.2018, 12:18
Қараулар: 3
Облыстық семинар өтті

Облыстық семинар өтті

Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап  атаулы әлеуметтік  көмектің  жаңа форматы енгізілген болатынды. Осы өзгерістерді, оның жұмыс механизімін түсіндіру мақсатында   «Жаңа форматтағы  атаулы  әлеу-меттік көмекті жүзеге асыру  барысында   әлеуметтік көмек жөніндегі консультанттар мен ассисенттердің жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында   БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының  ұйымдасты-руымен ауданымызда семинар-кеңес жұмысы  өтіп, оған аудандағы осы сала бөлімі қолдау көрсетті.

Семинарға облысымыздың  көршілес  бес ауданынан және қала орталығынан өкілдер келіп қатысты. Семинарды аудан әкімі аппаратының басшысы  Т.  Сағынгереев құттықтау сөзбен ашып, семинар жұмысына сәттілік тіледі.  Жиынның мақсаты мен маңыздылығы туралы  БҚО  жұмыспен қамтуды  үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік  көмек бөлімінің басшысы  Қайырғали Надырғалиев  кіріспе сөз сөйледі.  Айта кету жөн,  осы жылдан бастап қолданысқа енген  жаңа форматтағы атаулы көмек-табысы аз  отбасыларға арналған бұрынғы үш  әлеу-меттік  төлемді  біріктіреді. Жаңа форматтағы  атаулы  әлеуметтік көмек табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан төмен  отбасыларға немесе азаматтарға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде тағайындалады.

Негізінде,  әрбір бөлімдердегі  ассисент, консультанттардың жұ-мысы  осы қаражатты алатын-
дарға  құжаттарымен көмек етіп, шартта көрсетілгендей дұрыс пайдалануын қадағалау.    Осы бағыт-
тағы атқарылған жұмыстары жөнінде  аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры  Б. Нұржанов, атаулы  төлем кезеңін ұзарту механизмдері жайында   БҚО   жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының  әлеуметтік көмек бөлімінің бас маманы  А.  Хайруллин  баяндама жасады.

Семинар жұмысында әрбір ауданнан келген консультант, ассисенттер сөз алып, өздерінің жұмыстары, оның өзгешеліктері туралы слайд арқылы айтып түсіндірді. Атаулы  әлеуметтік  кө-мекті  көрсетуде консультант жұмысының рөлі жайында Сырым аудандық халықты  жұмыспен қамту орталығының  консуль-
танты Ә. Уталиев,  асси-сенттердің жұмысы бойынша  өз тәжірибесі туралы  Қаратөбеден Г. Мұратова, бөрлілік ассисент М. Беккужиева, теректілік М.  Мақсотовалар   баяндама   жасады.

Семинардың негізгі бөлімі пікір алмасумен жалғасып, соңынан НҚА тест тапсырумен тәмәмдалды. Семинар аяқталысымен  қонақтар ауданымыздың  көрікті жерлерін аралап көріп, аудандық тарихи-өлкетану музейінде  болды.  Ауданымыздың  жарқын өмірін, еңбек ырға-ғын көрген көршілеріміз семинардан үлкен әсер, көптеген мағлұмат алды.

  Айсұлу Арыстанова