21.06.2018, 18:14
Қараулар: 3
Рухани жаңғыру: өскелең ұрпақтың дара жолы

Рухани жаңғыру: өскелең ұрпақтың дара жолы

Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Жаңғыруды өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз.Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы рухани жаңғыруы дәлел. Мемлекет басшысының жалпы ұлттық деңгейдегі «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» жобасы руханияты мен азаматтық мүддесі айқын, жауапкершілігі мол, елінің болашағына еңбек ететін, елжандылық рухта қалыптасқан өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған.

Колледж қабырғасында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясындағы идеяларды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді.Осы бағытта өлкетану мұражай бұрышын ашу, туған өлкеге байланысты жобалар қорғау, танымал тұлғаларды зерттеуге арналған жұмыстар жоспарланып отыр. «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар.Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар.Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс»,-деп Елбасымыз өз мақаласында атап көрсеткендей, патриоттық сананы ынталандырып, ұлттық құндылықтарды жаңарту колледж ұжымының басты назарында болмақ. «Бәсекеге қабілетті, дамыған мемлекет болу үшін біз, сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғаны қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ, балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыздың қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды», — деп Елбасы өз Жолдауында атап көрсетті. Осы бағытта колледж базасы заманауи үлгіде жабдықталуда. Сонымен қатар, әлеуметтік серіктестіктермен өз базаларында өндірістік тәжірибелік сағаттарды өткізуге келісім беріп, заман талабына сай екі жақты білім беруге атсалысуда.
Ұлт жоспарын орындауда әр саланың өзіндік үлесі болса, ұстаздар қауымы қосатын үлес – жас ұрпақты жаңа қоғам мүшесі етіп білім мен тәрбие беруді жаңаша құру, оны осы Елбасымыз көрсетіп отырған талаптарға сай орындау деп білемін.
Мәңгілік ел болуымыз үшін бізге ауадай қажетті қасиеттер мен құндылықтардың қайнары тоғысып, ақыл-парасаты толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениетті, бәсекеге қабілетті болатыны ақиқат. «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады… Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болу керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы»,-деп ашып көрсетеді.
Тәуелсіз еліміздің болашағы — жастарымыздың интеллектуалды көрсеткіштері олардың тек білім деңгейімен ғана емес, сонымен бірге олардың ұлттық тәрбиесімен, рухани жаңғыруымен де тікелей байланысты.Ұлттық кодтың өзегін сақтай отырып, болашаққа қадам басуымыз қажет. Білім – рухани жаңғырудың басты алғышарты. Өйткені, ой жүйесі терең, алыстан пайымдап, тереңнен тамырланған дүниетанымы кең адам ғана бәсекеге төтеп береді деген ауқымды ұғымды білдіреді.
Ендеше, рухани жаңару арқылы әлем мойындар табысты ел болып, жарқын болашаққа деген сенім мен үмітті үндестіре отырып, баршамыз бірлік туы астында бақытқа бірге жетейік!

С. Жұмағұлов,
Шыңғырлау колледжінің директоры