19.06.2018, 18:49
Қараулар: 3
Сәт сапар, жас түлек!

Сәт сапар, жас түлек!

15 маусым күні аудандық орталық саябақта мектеп бітіруші түлектерге арналған «Сәт сапар, жас түлек» атты салтанатты кеш өтті. Мерекелік іс-шара «Еркем-ай» бишілер тобының орындауындағы «Білезік» биімен басталды. Биылғы оқу жылында ауданымыздың 10 түлегі «Алтын белгі» төсбелгісінің иегері атанды. Л.Қылышев атынағы ЖОББМ түлектері Лаура Қабиева, Әсима Бедрова, Әсем Жұмақожиева, Шыңғырлау ЖОББМ түлектері Альбина Рамбаева, Динара Ақбалеева, Бибігүл Өтепбергенова, Нұржанат Нұржанова, Іңкәр Ойратова, Айдана Сағындықова, Тасмола ЖОББМ түлегі Фариза Қадыржановаларды аудан әкімі Альберт Есалиев алғыс хаттармен марапаттап, «Алтын белгі» төсбелгісін табыстады. Сондай-ақ, алғыс хаттармен марапатталу үшін сахна төріне «Алтын белгі» иелерінің ата-аналары шақырылды. Мерекелік жиын аудандық білім беру бөлімінің басшысы Абзал Сапаровтың сөзімен жалғасты. Абзал Бақытжанұлы түлектердің бастауыш сыныптағы ұстаздарын марапаттап, естелік фотосуретке түсті. «Алтын белгі» иегерлері жиылған қауымға үш тілде тілек арнады. Мереке соңында ата-аналар сөз сөйлеп, түлектерге алда тұрған мемлекеттік сынақтан сүрінбей өтуге тілек білдірді.
Айбарша Лекерова