18.06.2018, 18:38
Қараулар: 29
Партия активінің жиыны

Партия активінің жиыны

Жуырда аудандық әкімдікте «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кеңейтілген партия активінің жиыны өтті. Оған аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы А. Есалиев, төрағаның бірінші орынбасары С.Бәйтенова, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, аудандық мәслихат депутаттары, Саяси Кеңесінің мүшелері, партия активі қатысты.
Күн тәртібіне: партияны жүйелі жаңғырту бойынша «Нұр Отан» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалында атқарылып жатырған жұмыстар туралы, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасын іске асырудағы қоғамдық бақылауды ұйымдастыру бойынша жұмыстардың барысы туралы мәселелер қойылды.
Бірінші мәселе бойынша партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Бәйтенова баяндама жасады.
Баяндамашы өз сөзінде партияны модернизациялау жалғасын тауып келе жатқандығын, үстіміздегі жылдан бастап партияның қызметін жаңғырту аясында «Рухани жаңғыру», «Цифрлы Қазақстан» бағдарламаларын жүзеге асыруға, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған жаңа партиялық жобаларды іске асыру қолға алынып отырғанын айтты.
«Нұр Отан» партиясы өз қызметін жаңғырту жұмыстары аясында жаңа 22 партиялық жобаны жүзеге асырмақ. Бұл жобаларды жүзеге асыру арқылы балаларға арналған тегін IT-сыныптар ашуға, арнайы IT-мамандар даярлап, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға, өңірлік кітапханалар жүйесін трансформациялауға және кітапханаларды қазіргі заманғы білім орталығы ретінде қайта құруға жол ашылады. Ауданымыз бойынша 19 кітапхананың 3-еуі онлайн кітапхана жүйесіне қосылған. Бүгінгі күнге 30 кітап цифрлы форматқа ауыстырылды. 2019 жылға 100 кітапты біртіндеп аудару жоспарланған.
Бұл игі бастамалар Елбасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында партия тарапынан қолға алынған игі бастамалар. Еліміз бойынша 1000 IT-сынып ашылмақ. Онда жастар программалау мен робот техникасының негіздері жөнінде жан-жақты білім алады. Бұл бастама мектептерге қосымша пән ретінде енгізіліп, үш айлық және алты айлық курс негізінде жүргізілмек. Соның нәтижесінде жылына 150 мың баланы оқыту көзделіп отыр. Ауданымыз бойынша Л.Қылышев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінде 200 оқушыға арналған 1 IТ класс ашу жоспарлануда. 2 маман арнайы оқытылудан өтпек.
Светлана Ешматқызы: -Партия Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында айтылған негізгі мәселе және осы жылдың ең маңызды шараларының бірі «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуінің орындалуын бақылауды «Нұр Отан» партиясына тапсыруы. «Нұр Отан» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалында бес әлеуметтік бастамасын іске асырудағы қоғамдық бақылау бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп, жүзеге асырылуда. Партия мүшелері Елбасының Үндеуін халық арасында кеңінен іс жүзінде асырылуына алдыңғы қатарда болулары тиіс деп есептеймін,- деп өз баяндамасын қорытты.
Партия активінің жиынында аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы, Саяси Кеңесінің мүшесі А.Бисембаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, Саяси Кеңес Бюросының мүшесі А.Садықова сөз сөйледі.
Басқосу соңында «Нұр Отан» партиясының Төрағасы, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен өткен Партия Саяси Кеңесінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау мақсатында тиісінше шешім қабылданды.
Жиынды аудан әкімі, партия филиалының төрағасы А.Есалиев жүргізіп отырды.
Г. Ибрагимқызы