15.06.2018, 18:48
Қараулар: 64
Ескерткіш тақта ашылды

Ескерткіш тақта ашылды

17 маусым —  медицина саласы қызметкерлернің  күні. Аталмыш мерекеге орай  аудандық ауруханада   ерекше шара болды. Нақтырақ айтсақ, бұл  күні саналы ғұмырын  дәрігерлікке  арнаған, осы аурухананың ғимаратының  түп қазығын қақтырған, халқына адал қызмет еткен Дәулетжанова Сәния Медхатқызына арналып ескерткіш тақта ашылды.

Салтанатты жиынға қатысушылар дәрігер рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алу рәсімін  өткізді.  Жиында  аудан әкімі  Альберт Есалиев, дәрігердің қызы  Иманбаева Эльмира Молдабекқызы   сөз сөйлеп,  ескерткіш тақтаны ашты.

Еңбегін ел таныған,  талай жанның жан-тәніне  шипа болған дәрігер есімі ұмытылмақ емес.  Осы шараға қатысқан туған туыс- әріптестері  және замандастары, жерлестері   оның игілікті істерін еш ұмытпақ емес.

Жиында  оның әріптесі  Нұрзия Құрметова, Алтынзер Кушбасова және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы  Сабыр Сәмиев сөз алып, Сәния Медхатқызының   үлкенге ілтипатты, кішіге үлгі болғанын, жерлестеріне жасаған  еңбегінің  зор екендігін айтты.

Анасына арналған ескерткіш тақта алдында толқып тұрып сөз сөйлеген  Эльмира Молдабекқызы   дәрігер болған анасының  есімін мәңгілік қылған ауылдастарына, аудан басшылығына рахмет айтып жұмыстарына  табыс тіледі.

 Айсұлу Арыстанова