15.06.2018, 18:41
Қараулар: 4
Шыңғырлаудағы велошеру

Шыңғырлаудағы велошеру

Бүгін Шыңғырлау ауданының орталығында Астана қаласының 20 жылдығына арналған және «Сенің жаңа қырың» челенджін қолдау мақсатында велошеру ұйымдастырылды.

Орал қаласынан бастау алған бұл эстафета Бөрлі ауданында жалғасын тапқан соң, Шыңғырлау ауданына атбасын тіреген болатын. БЖСМ алдына  қызылды-жасыл киінген, спортты серік еткен жандар жиналды. Велошеруге аудан әкімі А.Есалиев, аудан әкімінің орынбасары Е.Тұрмағамбетов  бастаған басшы азаматтардың болуы да шараның беделін арттыра түсті.

Енді бұл велошеру эстафетасы Қаратөбе ауданына  жолданды.

Бұл шараға мекемелер мен ұйымдар үлкен ұйымшылдық көрсетіп, жарыс жалауын желбіретті. Спорттың жасқа қарамайтынын дәлелдеген шеруде үлкендер мен жастар бірлесе шыққан жорық жақсы өтті.

Велошабандоздар бүгінгі күндерін көтеріңкі көңілде өткізді.

Адақ ШОТПАНОВ