13.06.2018, 19:02
Қараулар: 43
Балаларды қуантты

Балаларды қуантты

Ораза айында небір жақсы істер жалғасын тауып жатады. Адамдардың бір-біріне деген ілтипаттары мен ізгіліктері осы айда үстемеленіп, айналасындағыларға деген ықлас-пейілдері кеңіп, достық көңілдер бір-біріне тек жақсы тілектер тілейді.

Ал, қайырымдылық шаралар жүрек тебірентіп, шуаққа бөлейді.
Шапағаты мол ораза айына орай қайырымдылық істерден шет қалмаған аудандық соттың судьясы Әсел Маженова жақында балаларды бір қуантуға ниет етті. Аудан орталығындағы «Мадина» тойханасында 25 балаға арнап қайырымдылық түстік әзірлетіп, олардың алғысына бөленді.
Ыстық тағам, бәлішпен тәтті-дәмді, тіпті балмұздақпен де ризалаған заңгер апаларымен фотосуретке түсіп, көңілдері шалқыған балақайлар шын жүректен қуанды.
-Иә, берсең балаға бер дегендей, әлеуметтік жағынан қиындық көріп отырған фотбасылардың балалары үшін осындай қайырымдылық шаралары керек — ақ, себебі, олар да өзге балалар сияқты жақсы өмір сүруді, өзге де қатарластары сияқты кейде кафелерден тамақтанғанды ұнатады. Сондықтанда мен бір топ балаларды жинап, қуантуды ойладым. Олардың риза көңілдері, қуанған жүздері, айтқан әңгімелері өзіме де тамаша көңіл — күй сыйлады,- дейді аудандық соттың судьясы Әсел Ерсінқызы.
Біз де оның қасиетті рамазан айындағы игілікті ісіне қоштау көрсетіп, бұл өзгелерге үлгі болсын дейміз.

А.Муса