13.06.2018, 18:52
Қараулар: 65
Демалыстың көркі – лагерь

Демалыстың көркі – лагерь

Маусымның 12 жұлдызында аудандық «Арай» жазғы демалыс лагерінің ашылуына орай «Армысың, лагерь, рухани өмір ордасы» тақырыбында салтанатты жиын өтті. Мереке топ басшыларының аға тәлімгер Самат Сергейұлына тапсырған рапортынан басталды. Аудан әкімінің орынбасары Ержан Тұрмағамбетов, ауданымыздың құрметті азаматы Бақытжан Сапаров, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Светлана Бәйтеновалар сөз сөйлеп, балаларға демалысты көңілді өткізуге тілек білдірді.
Балалармен мектептен тыс жұмыс орталығының кішкентай бишілері әдемі биімен жиналған жұрттың ықыласына бөленді. Аудандық мәдениет үйінің қызметкері Әмірхан Жұбаниязовтың орындауындағы «Балдәурен» әні және аудандық мәдениет үйі бишілерінің әсем биі мерекелік іс-шараны жалғастырды. «Арай» лагерінің биылғы жылғы аға тәлімгері Самат Байболатов «Шыңғырлауға арнау» өлеңімен жиынды қорытындылап, мереке соңында барлығы естелік фотосуретке түсті.

Айбарша Лекерова