12.06.2018, 18:47
Қараулар: 63
Ақшатта емхана салынуда

Ақшатта емхана салынуда

Ақшат елді-мекенінде жаңа жоба негізінде емхана құрылысы басталды. Мемлекет тарыпынан халыққа арналған жобаның мәні мынада: жеке тұлғалар мемлекет қолдарымен құрылыс жүргізеді. Бұл мемлекет пен жеке тұлға серіктесуі, бірігуі деген сөз.
«ЛАЙГЭ» құрылыс компаниясы Ақшатта емхана құрылысын бастады. Алдағы уақытта Ақшаттың басты көшелерінің бірінде сәнді ғимарат бой көтермек.
Округ әкімі Мәди Сатыбалдиев: «Құрылыс қарқыны жақсы. Жұмысшылар өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарауда. Үлкен округте салынғалы отырған бұл мекеме тек біздің округ ғана емес. көрші округтерге де көмек бере алады. Бәрі болашақтың ісі»,-деді.
Құрылысқа 3 жергілікті тұрғын қамтылып отыр. Бұл да жақсы. Жергілікті адамдар қосымша табыс табады.
Жаңа атау иеленген ауылда жарқын істер көп. «Ақбұлақ» бағадрламасы бойынша таза су да өткізілуде. Оның да бітер кезі жақын. Ақшаттағы жақсы істер басқа округтерге де жұғысты болып, игі жұмыстар жалғаса берсін.

Адақ Танабайұлы