12.06.2018, 18:40
Қараулар: 34
Есептік кездесулер жалғасуда

Есептік кездесулер жалғасуда

Аудандық ақсақалдар ұйымының төрағасы Сабыр Сәмиев Қарағаш, Ақшат, Алмаз ауылдық округтерінде болып есептік кездесулер өткізді. Әр ауылдық округтердегі ақсақалдар мен әжелер жиналған шарада сол округке қатысты мәселелер көтеріліп, төрағалардың есептері тыңдалды. Қарағаштағы жиында Күләш Янтурсина баяндама жасап, ауылдағы өткізілген барлық жұмыстарға тоқталды. Зейнеткерлердің көпшілікке арналған мәдени шараларға қатынасу белсенділігі артқаны байқалады. Бұл үрдіс Ақшат округінің ақсақалдар ұйымының төрағасы Амантай Қарлыбаев пен Алмаз ауылдық округінде баяндама жасаған Болат есептерінде де байқалды.
Ақсақалдарды ауыл болашағы, жасалынып жатқан жұмыстар, зейнеткерлерге берілетін жеңілдіктер, мүгедектерге қамқорлық мәселелері толғантады. Жиынды жүргізіп отырған Сабыр Сәмиұлы жиналғандарға аудандағы жаңалықтар жөнінен мәлімет беріп, баспасөзге жазылу, қоғамдық жұмыстарды белсене атқару жұмыстарына шақырды.
Округтерде өткізген жиындардан байқағандай, ақсақалдарды өз ауылдарының келешегі алаңдататындығы. Бұның айқын көрінісі-Қарағаш округінде көрінді деуге болады. Округтегі бұрынғы кафені қалпына келтіру жұмысына зейнет-керлердің қаржылай демеушілік көрсетулері осының айғағы.
Барлық кездесулерге аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Тілекші Кереев қатынасып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Есептік кездесулерден еңсеміз көтеріліп оралдық. Ел амандығын тілеп, жер тағдырын ойлайтын үлкендеріміз аман, халқымыздың бірлігі жарасты бола берсін.

Адақ Шотпанов