4.06.2018, 18:27
Қараулар: 35
Рәміздер күні аталып өтті

Рәміздер күні аталып өтті

Елбасының  1998 жылғы 20 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер  туралы» Жарлығына сәйкес, Қазақстанда  4 маусым  мемлекеттік рәміздер күні  деп белгіленді. Міне, содан бері  жыл сайын елімізде арнайы мереке күні ретінде  аталып өтілуде. Мақсаты — мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттырып, оны әрібір қазақстандықтың мақтанышы ретінде, әрі жас ұрпақ бойына елге, жерге деген сүйіспеншілікпен  құрметті сіңір, рәміздердің мәртебесін арттыру.

4 — маусым күні аудан  орталығында   мемлекеттік   Рәміздер күні  ерекше түрде, салтанатпен аталып өтті.

Шара  орталық саябақта оздырылып, көк байрағымыз  көкте желбіреді. Бұл күнгі Батыс Қазақстан облысы бойынша  біріңғай ән ұранды  орындау акциясына шыңғырлаулықтар да ат салысып, барлығы бірге шырқады.   Аудан әкімі Альберт Есалиев  құттықтау сөз сөйлеп, мерекенің маңызына тоқталып,  мәртебесі  туралы  айтып өтті.

Құттықтау сөзден соң  «Жас  толқын»  көркемсөз үйірмесінің оқушылары  «Менің рәміздерім» атты әдеби монтаж орындап берді.

«Еркем-ай» халықтық би ансамбілі  «Ынтымақ — елім Қазақстан» биін нақы-шына келтіріп, жұртшылыққа  ұсынды. Ал  Нұргүл Байғалиеваның орындауындағы   «Қазақ елі», Елдар Бижановтың әуелете шырқаған «Көк тудың желбірегені» әндері    мерекелік шараны өз дәрежесіне сай ерекше  әсерге бөлеп, салмағын арттыра түсті.  Шараға жиналған жұртшылық жасөспірімдердің «Менің Қазақстаным атты» флешмобын  тамашалады.

Салтанатты шара  рәміздер күніне арналған  автошеру акциясына жалғасып, мемлекеттік  мекеме- ұжымдардың автокөліктері орталық көшемен көк туымызды желбіретіп, салтанатты түрде жүріп өтті.

А.Муса