15.05.2018, 19:18
Қараулар: 438
Бүлдіршіндер ертеңгілігі

Бүлдіршіндер ертеңгілігі

Бүкіл жеңімпаз елдер жыл сайын атап өтетін Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай Тасмола ауылындағы «Балауса» бөбекжайында тәрбиешілер Жұмагүл Сүлейменқызы мен Ұлханым Қайратқызы ұйымдастыруымен «9 мамыр-Жеңіс күні!» атты ертеңгілік оздырылды. Бұл мерекенің мақсаты балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу, патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысы тарихымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту, үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу. Мерекеге сай киінген біздің бөбекжай бүлдіршіндері әуенмен залға кірді. Тәрбиешілер бүлдіршіндерді және ертеңгілікті тамашалай келген ата-аналарды осы айтулы мерекемен құттықтады. Әдемі киінген «Балапан» аралас тобының бүлдіршіндері өлең жолдарын айтып, қыздар «Катюша» биін билеп, ал ұлдар «Солдат болам мен ертең» атты өлеңді шырқады. Ертеңгілік «Әр қашан күн сөнбесін» әнімен аяқталды.

Жұмагүл Опиева,
«Балауса» бөбекжайының тәрбиешісі