26.04.2018, 18:55
Қараулар: 3
Ауылдағы сенбілік

Ауылдағы сенбілік

Полтава негізгі орта білім беретін мектебінде сенбілік ұйымдастырылып, оған барлық оқушылар мен мектеп ұжымы жұмылдырылды. Оқушылар мен мұғалімдер мектеп жанын тазалап, қыс бойы жиналған қоқыстарды шығарды. Әкелінген 60 түп ағашты, оның ішінде 50 түп қарағаш,10 түп татар үйеңкісі тұқымы отырғызылды.
Сонымен қатар, мектеп алдындағы гүл отырғызылатын орындар дайындалды. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген дана халқымыз. Ауылымыздың ертеңгі күніне көрік беріп, ыстықта сая болар тал-теректерді күту алдағы уақытта баршамыздың борышымыз екендігі шара барысында оқушыларға мейлінше түсіндірілді.

А. Жұлмұхамбетова,
мектеп тәлімгері