9.04.2018, 18:44
Қараулар: 439
Бас жүлдемен оралды

Бас жүлдемен оралды

Еліміздің көшбасшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған «Бәсекеге қабілеттіліктің» бір шарты – оқушыларды өзге замандастарымен үзеңгі қағыстырып, түрлі дәрежедегі өнер додаларына түсіру деп білетін аудандық саз мектебі педагогтері еңбектерінің жемісін көруде. Өткен жылдарды айтпағанда, әлі тарих қойнауына өтпей, күні кеше қуаныш сыйлаған жағымды жаңалығымызбен бөліскелі отырмын.  26-28 наурыз күндері аралығында Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ақ көгершін» Халықаралық балалар шығармашылығының фестиваль-байқауына аудандық саз мектебінің тәрбиеленушілері қатысып, жүлделі орындарға ие болып қайтты. «Халық аспаптары» аталымы бойынша (қобыз) жеке орындаушы Жангүл Сағынаева ІІІ дәрежелі дипломант (жетекшісі: Г.Сисенова), «Халық аспаптары» аталымы бойынша (домбыра) жеке орындаушы Есжан Сулейманов ІІ дəрежелі дипломант (жетекшісі: У.Темирова), «Халық аспаптары» аталымы бойынша (домбыра) жеке орындаушы Назымбек Сатпанов ІІІ дəрежелі лауреат (жетекшісі: С.Киреева), «Халық аспаптары» аталымы бойынша «Жас толқын» домбырашылар ансамблі Гран-при иегерлері (жетекшісі: А.Жумашев) атанса, «Вокал» аталымы бойынша дуэт Гаухар Мұсаева мен Зинира Амангелді  ІІ дəрежелі лауреат (жетекшісі: Т.Әмірғалиев), «Вокал» аталымы бойынша жеке орындаушы Зинира Амангелді ІІ дəрежелі лауреат (жетекшісі: Т.Әмірғалиев) жеңімпазы атанды. «Ақ көгершін» Халықаралық балалар шығармашылығының фестиваль-байқауында ауданымыздың намысын қорғап, жүлделі орындармен оралған өнерпаздарымызға шығармашылық табыс тілеймін. 

Әйгерім Мұсаева,

 аудандық білім бөлімінің тәрбие және

қосымша білім беру салаларының әдіскері

Түсініктеме

Amoxil Infection Des Sinus Buy Accutane In Usa30 Mg Accutane From Canada Online Cialis Active Over The Counter cialis Prospecto De Kamagra Priligy Espana Cialis E Desiderio