20.03.2018, 19:21
Қараулар: 460
Сегізсайдағы Наурыз тойы

Сегізсайдағы Наурыз тойы

Сегізсай негізгі орта білім беретін мектебінде ауыл тұрғындары мен Алмаз ауылдық округінің әкімі бастап «Ұлыстың ұлы күні-Әз-Наурыз» атты дүбірлі той оздырды. Шарамыз концерттік бағдарламамен ашылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ата-аналар ұмыт бола бастаған ескі салт-дәстүрлерді жандандырса (тоқымқағар, сырға салу, ерулік), мектеп оқушылары әннен шашу шашып, жыр жолдарын арнап, қыздарымыз мың бұрала биледі. Ауылдағы әжелер ансамблі әндерін әуелетіп, шашуларын шашып, адыраспанмен аластаса, ауыл қариясы Зарлық атай ақ батасын берді.
Бағдарламамыздың екінші бөлімінде ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізілді. Бұл жарыста балабақша бүлдіршіндерінен бастап, ауыл азаматтары қол күшін сынау, қазақша күрес, арқан тартыс, қой көтеру ұлттық спорт түрлері бойынша сынға түсті. Ересектер арасындағы қазақша күрестен түйе палуан атанған алмаздық Сартов Алмас пен қой көтеру сайысының жүлдегері — Тұрабаев Асылханға бір жандықтан табыс етілді. Қалған қатысушылар дипломдар, медальдар, ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Соңында ұлттық тағамдар қойылған ақ дастарханнан барлығы дәм татып, мерекелік көңіл-күймен тарады.
Наурыз мерекесі қарсаңындағы басты жаңалығымыз ауыл азаматы — Туребаев Әсет мектеп оқушыларына арнап 150 мың теңгеге спорттық матрац пен киімдер, медальдар табыстады. Бұдан бөлек дастарханға арнап қой малын беріп, сайыс кезінде қаржылай демеуші де болды. Ауыл азаматтары- Нұраханов Е, Кальниязов А бір-бір қойдан қарайласса, СПК жетекшісі- Кенжебаев Н – 20 мың, Сансызбайұлы Қ- 10 мың, Айтжанов Н-20 мың теңге көлемінде қаржылай демеушілік көрсетті.

Ж.Жұбанова,
Сегізсай НОББМ-нің директордың
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Түсініктеме

Order Synthroid Pills Cheap Prescription Prices cheap cialis Discount Amoxicilina Bacterial Infections Achat Propecia Bayer Levitra 20mg