26.01.2018, 12:26
Қараулар: 5
Ұстаз есімі жадымызда

Ұстаз есімі жадымызда

Сырымов Қази Серғалиұлы Ащысай мектебінің белгілі ұстаздарының бірі болатын. Біздің мектептегі кезімізден бастап бүгінгі күнге дейін ұстазымыз деп қадір тұтатын, ақылшымыз да осы азамат еді. Өмірден өткеніне жыл толса да, өнегесі бізбен бірге. Ащысай орта мектебін бітіргеннен кейін Қарағанды физкультура техникумына түскен. Техникум қабырғасында жүріп грек-рим күресінен облыстық, республикалық жарыстарда өз салмақ дәрежесінде жеңімпаз, жүлдегер атанған. Осы күрес түрінен спорт шеберлігіне кандидат нормативін орындады.
Кейін Қази Серғалиұлы Ақтөбе педагогикалық институтының дене тәрбиесі факультетін бітірді. 1999 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі» атағын иеленді. Алматы мен Астана қалаларында өткен VII қысқы Азия ойындарында алаугер болғанын да біз мақтан етеміз.
Қази ағамыз бізді адалдыққа, адами жақсы қасиеттерге, қиын-дықтан қайыспауға тәрбиеледі. Біз сол жолмен жүріп келеміз.
Көкте Қази Серғалиұлының рухы күш беріп тұрғанда адал жолдан адаспайтынымызға сенеміз. Рухың биіктей берсін, ұстаз!

Бір топ оқушы-шәкірттері