27.01.2017, 12:14
Қараулар: 8
Ет өндіру-елге пайда

Ет өндіру-елге пайда

16178675_254978724913903_3034372854594676942_oШыңғырлау ауданының Сегізсай елді-мекені инвестицияға қолайлы аймақтар санатынан. Табиғаты да тартымды, шүйгін жайылымы мол, жері құнарлы аймақтың мал өсіруге де, бау-бақша егуге де, егіншілікке де мүмкіндігі мол. Осы жерден орын тепкен «Ахан» шаруа қожалығы бүгінде тиісті талаптарға сай, халықаралық стандарттарға сәйкес мал сою пунктін жасақтады. Пункт сыйымдылығы 20 тонналық мұздатқыш бөлмесі, ветеринариялық зерттеу-тексеру бөлмелері, арнайы мал сою құрылғыларымен толық қамтылған. Сондай-ақ, ірі 16143428_254978321580610_7596023837024641761_oмалдар сойылатын орыннан басқа уақ малдар сойысына арналған бөлме де бар. Қасапхана есігі кім-кімге да ашық, жергілікті тұрғындарға, Алмаз ауылы және жақын орналасқан өзге де елді-мекендерге қызметін ұсынуға дайын. Қожалық басшысы Ерлан Жүгінісов мұндай орындарда міндетті түрде болуы шарт ветпункттің де жасалынатынын, шаруашылық иелігіндегі және сойысқа дайындалған немесе әкелінген малдың сойысқа дейінгі және кейінгі зерттеулерін толыққанды жүргізуге жағдайдың жасақталғанын айтып отыр. Қазір шаруашылық меншігінде 400 бас ірі қара, 2300 га жер көлемі, (800га-шабындық, 200га- егіншілік және қалғаны жайылымдық мақсаттағы) және «МТЗ-80» трактор көлігі бар. Шаруашылық басшысы алдағы уақытта қазіргі мал басын 1500 басқа дейін өсіруді жоспарлаған, осы бағытта мал басын асылдандыруды қатар жүргізуді де қолға алған. Қазір мал ішінде «Әулиекөл» тұқымды 16 бұқа жүр.
16177600_254978308247278_693125703316704339_oХалықаралық талаптарға орай «Е» санатына сәйкестендірілген мал сою пункті ет өнімін халықаралық саудаға шығара алады, осы тұста шаруашылық иесі де өз өнімдерін көршілес Ресей мемлекетіне шығаруды діттейді. Бұл өз кезегінде сапалы өнім өндіріп, салауатты сауда ортасын қалыптастырып, аудан тұрғындарының да өсірген малының пайдасын көруіне нақты септігін тигізбек.
Шаруашылық басшысы Ерлан Болатұлы қасапхананың газбен, сумен (қожалықты 3 құдық сумен қамтып тұр) қамтылғанын, 6 адам тұрақты жұмысқа тартылғанын (олардың бірі жергілікті тұрғын) айта келе осынау ауқымды істі икемге келтіріп, үлгеріп алуға, әсіресе, құжаттандыру, т.б заңнамалық жұмыстарда аудан әкімшілігі, аудандық тиісті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқару органдарының қолдауы, көмегі орасан болғанын айтады.
«-Шыңғырлау ауданында іс бастау, оны жүргізіп алып кету оңтайлы, оған географиялық орналасуы, табиғи мүмкіндіктері мен жергілікті атқарушы органдар көмегі орасан зор мүмкіндіктер береді»,- дейді іскер жігіт.
Жем-шөбі жеткілікті, малы тоқ шаруашылықтың алдағы көктем, жаз және күз маусымында жұмысы көбейетінін айтып өткен шаруашылық басшысы жергілікті тұрғындарды жұмысқа шақырып, жұмыс күшін жергілікті тұрғындардан толықтыруды көздейтінін де жеткізді.

Қаршыға Елемесов,
Шыңғырлау ауданы