3.03.2017, 15:55
Қараулар: 152
«Бөбектен» бастау алған жеңіс

«Бөбектен» бастау алған жеңіс

Жуырда Алматы қаласында «Зимняя сказка в Алматы-2017» атты республикалық фестиваль — байқауы өтті. Алматы қаласындағы «Оқушы-лар Сарайында» өткен осынау жас саңлақтар сынында ауданымыздың 4 жасар бүлдіршіні Кәусар Ораз («Бөбек» балабақшасының «Гүлдер» тобы) «Вокал» жанры бойынша ІІІ орынды, «Болашақ» балабақшасының «0» сынып оқушысы Айдана Сатқанова (бұған дейін «Бөбек» балабақшасында тәрбиеленген) осы жанрда ІІІ орын және Шыңғырлау ОЖББм-нің 8 «а» сыныбының оқушысы Арсен Жаньяров ІІ орынды жеңіп алды. Фестиваль- конкурстың ІІІ орындарын еншілеген Кәусар Ораз ұстазы Гүлдана Жаньярованың әні мен сөзіне жазылған «Домбыра» әнін орындап, ал Айдана Сатқанова «Жұлдызым әнімен жүлделі орынға ие болған. Ал, Арсен Жаньяров «Простая песня», «Жаяу» әндерімен алға шықты.

Қ.Елемесов