18.10.2016, 15:26
Қараулар: 10
Астанадан аса мол әсермен оралды

Астанадан аса мол әсермен оралды

img_2238Жуырда ауданның құрметті азаматтары мен азаматшалары, еңбек және педогогика саласының ардагерлерінен құралған қадірлі аудан қарияларының тобы еліміздің ордасы –Астана қаласына аттанғандығын айтқан едік.

Бүгін сол делегация Астанадан оралды. Теміржол бекетінен күткен қарсы алушыларға жамырай табысқан қариялар әсем қаладан алған әсерлерімен бөлісті. «Азия жауһары» деген атақ алған әсем Астана аудан үлкендеріне де қатты ұнапты. Олар сапар барысында «Бәйтерек» кешенінде, «Думан» ойын-сауық орталығында, 10 мың адамдық  «Әзіреті Сұлтан» мешітінде, әсем қаланың т.б. тартымды, тамаша жерлерінде болып,  Парламент үйімен, парламент депутаттарының мәжіліс залымен танысқан. Астана қаласындағы жерлестіріміздің, мәжіліс депутаты Шафхат Өтемісовтың ықыласы мен құрметі қарт жандарды қатты разы етіпті. Қуана күтіп алған ауылдағы ағайынға алған әсерлерін айтып тауыса алар емес.

Сапар барысынан бізді хабардар етіп өткен лубендік Құмар Қанатов ақсақал мен белогорлық Кенжетай Ниязбеков ақсақал осынау сапарды ұйымдастырушыларға, аудан әкімшілігін зор алғысын білдіріп жатты. Мұндай игі рахмет делегация құрамында болған әріптесіміз Татьяна Кишкина тарапынан да айтылды.

Айта кетсек, аудандық ардагерлер кеңесінің ауданның қадірменді қарттары, еңбек ардагерлерін Астана қаласына апарып келу туралы ұсынысы қолдау тауып, 15 адамнан құралған топ Астан қаласында 4 күн болып, бүгін ауданға оралды.

Қаршыға Елемесов