5.03.2020, 10:59
Қараулар: 234
Жас сарбаздар жарысы

Жас сарбаздар жарысы

Жуырда Л.Қылышев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінде Ұлы Жеңістің

75 жылдығына және Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына  31 жыл толуына орай «Жас  сарбаз-2020» әскери-спорттық ойыны өткізілді. Ойынға ауданның  барлық орта мектептерінен 6 команда қатысты. Қатысушылар әскери-спорттың 10 түрінен сынға түсті. Бұл шараны аудандық білім бөлімі ұйымдастырып, өткізу жауапкершілігі Л.Қылышев мектебіне жүктелді. Әрқашанда өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын тәжірибелі ұстаз Р.Тұрмағамбетов жарысты шебер ұйымдастырып әрі қызықты жүргізе білді. Жарысқа аудандық әскери бөлімінің қызметкері Н.Сарбасов бастаған төрешілер тобы қазылық етті.

Жарыс нәтижесінде жүлделі  І орынды Л.Қылышев атындағы, ІІ орынды А.Тихоненко атындағы, ІІІ орынды Шыңғырлау орта мектептері иеленді. Ал, Г.Бақасова автоматты шашып-жинаудан І орынға қол жеткізсе, С.Құрметова да оқжатарды оққа толтырудан І орын, О.Сайын плащ киюден  /ОЗК/ І орынды жеңіп алды. Бұл оқушылардың барлығыда Л.Қылышев мектебінің 11 сынып оқушылары . Барлық команда мүшелері де өз кезегінде жақсы нәтижелер көрсетіп, арнайы дипломдармен марапатталды.

 А. ЕРЖІГІТОВА

мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары