27.02.2020, 15:54
Қараулар: 222
Ақын ағамен жүздесу

Ақын ағамен жүздесу

Бүгінгі жастар жан-жақты, білімді де ізденімпаз. Олар тек қоғамдық жұмыстарға белсене араласумен қатар, әдебиет пен өнерге де мейлінше ден қояды. Кітапханаларға барып жыр кітаптарын оқып, проза әлеміне де қызығушылық білдіреді. Жастардың осындай әдебиетке деген қызғушылықтарын қолдау мақсатында жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан  Журналистер одағының мүшесі, ақын Қаршыға Елемесовпен аудандық кітапханада кездесеу кеші өтті. Кешіміздің тақырыбы-«Жетістік жолы» деп аталды.     Кездесу барысында ақын ағамыз жастарға өзінің өмір жолын және алғашқы туындысын,  жалпы шығармашылық жолын айтып өтті.  Кеште ақынның өлеңдері оқылып, оның сөзіне жазылған терме де орындалды. Өңірімізге сыйлы ақын ағамыз жастарға алғысын айта отыра, алдағы уақытта ел үшін қызмет етуге шақырды. Шара соңында жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры Н. Қайыржанов ақын ағамызға қаламы ұштала берсін деген тілекпен күнделік мен жастар жылының кітапшасын сыйға тартты.

Қ. Сарбасов,

аудандық жастар мен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының әдіскері