29.07.2020, 18:49
Қараулар: 193
Шыңғырлауда Құрбан айт кезінде қандай іс-шараларға тыйым салынады?

Шыңғырлауда Құрбан айт кезінде қандай іс-шараларға тыйым салынады?

Шыңғырлау ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Е.Х.Сабиров  Құрбан айт мерекесіне қатысты қаулы шығарды.  Қаулыда Шыңғырлау ауданы көлемінде мереке күндері коронавирустық инфекциясының таралуына ықпал ететін іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. 

(Қаулының толық нұсқасы)

«Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Комитеті Батыс Қазақстан Облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаментінің Шыңғырлау аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» РММ

                                                            ҚАУЛЫ

 2020 ж. «28» 07     № 46

Құрбан айт мерекесі күндері

Шыңғырлау ауданы аумағында

коронавирустық инфекцияның

таралуына ықпал ететін

бұқаралық іс-шараларды өткізуге

тыйым салу туралы

Мен, Шыңғырлау аданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сабиров Ермек Хатимұлы, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI Кодексінің 38-бабы 1 тармағының 4 тармақшасы, 2 тармағының 3 тармақшасы, 104-бабының 2,3,4,7 тармақтары, «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шiлдедегi № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығының 2 тараудың 3, 4 тармақтары, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V Заңының 65-бабы, «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылдағы 20 наурыздың №239 бұйрығы негізінде, адамдардың өмірін, денсаулығын қорғау мақсатында, және Шыңғырлау ауданының аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сондай — ақ Шыңғырлау ауданында жаңа коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) расталған жағдайларының тіркелуіне байланысты, Шыңғырлау ауданың тұрғындары арасында коронавирустық инфекциямен (бұдан әрі-КВИ) сырқаттанушылықтың таралуына жол бермеу мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

 

1.Шыңғырлау ауданы әкімдігіне, Шыңғырлау ауданының полиция бөліміне, Шыңғырлау аудандық ішкі саясат бөліміне, Шыңғырлау ауданының имамына 2020 жылдың 31 шілдесі мен 2 тамызы аралығында Құрбан айт мерекесін тойлау кезіндегі тыйым салынатын іс-шаралар:

1) меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, сондай-ақ жеке меншік иеліктерде адамдар көп жиналатын іс-шаралар өткізу

2) Шыңғырлау ауданының әкімдігі белгілеген орындардан басқа, Шыңғырлау ауданындағы аумағында автокөліктерден малды сату және малды союды ұйымдастыруға,  өткізуге;

3) 2020 жылдың 31 шілде мен 2 тамыз аралығында Шыңғырлау ауданының имамымен белгіленген онлайн құрбан шалу цехтарының жұмысынан басқа, малды сою цехтарының жұмысына тыйым салынсын;

4) БАҚ арқылы онлайн режимінде құрбандық шалуды ұйымдастыру туралы халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

 

  1. 2020 жылдағы 29 шілдеден 2 тамыз аралығында Шыңғырлау ауданының ветеринариялық инспекциясының басшысына:

1) Шыңғырлау ауданының аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды күшейту;

2) мал союмен айналысатын кәсіпкерлік субъектілері басшыларымен қаулының тармақтарын орындауын бақылауды қамтамасыз ету;

 

3.Шыңғырлау ауданының әкімдігіне, Шыңғырлау ауданының полиция бөліміне, Шыңғырлау аудандық ішкі саясат бөліміне, Шыңғырлау ауданының имамына 2020 жылдың 31 шілдесі мен 2 тамызы аралығында Құрбан айт мерекесін тойлау кезінде:

1) құрбан шалу (құрбандық) онлайн режимінде рұқсат ету және Qurban2020.kz арқылы сайтқа өтінім беру;

2)құрбан айт » мерекесін ұйымдастыру мәселесін халыққа түсіндіру үшін Call-орталықтың жұмысын ұйымдастыру»;

 

  1. Онлайн режимінде мал союмен айналысатын меншік нысанына қарамастан кәсіпкерлік субъектілеріне:

1)тез бұзылатын өнімдерді (ет өлген жануарларды) тасымалдау және сақтау жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық ережелер талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;

2)мал союды ветеринариялық сертификат болған жағдайда және жабық режимде келушілерсіз жүргізу;

3)респираторлық ауру белгілері бар персоналды мал союға жібермеу;

4) мал сою цехтарының тиісті санитарлық жағдайын қамтамасыз ету

5) дезинфекциялау және жуу құралдары, маскалар, қолғаптар сонымен қатар антисептиктер қорының болуын қамтамасыз ету;

 5. Шыңғырлау ауданының полиция бөліміне:

1) мал сою цехтарына бөгде адамдарды жібермеуді бақылау.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Шыңғырлау ауданының әкіміне, Шыңғырлау ауданының полиция бөліміне, Шыңғырлау аудандық ішкі саясат бөліміне, Шыңғырлау ауданының имамына жүктелсін.
  2. Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап заңды күшіне енеді.

 

Шыңғырлау ауданының Бас мемлекеттік

санитарлық дәрігері Е.Х.Сабиров