31.01.2020, 16:34
Қараулар: 145
Өнер иесін еске алды

Өнер иесін еске алды

Жуырда ауданымызға белгілі өнер иесі, әнші-термеші болған Ұзақбай Сұлтанғалиевты еске алуға арналған волейболдан мәдениет қызметкерлерлері арасында  аудандық ашық турнир өтті.  Спорттық шара басталмас бұрын өнерімен жерлестерінің жадында қалған Ұзақбай Сұлтанғалиев туралы  аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ө. Бекениязов, інісі Сансызбай Сұлтанғалиев, өнердегі ағасы О. Қибашев өздерінің естеліктерімен бөлісіп, белгілі әнші Т. Жексенбаев әнін арнады.

Турнирге 8 команда қатысып нәтижесінде І орынды Теректі, ІІ орынды Жаңақала, ІІІ орынды Бәйтерек ауданының командалары жеңіп алды. Ойын барысында «Үздік ойыншы» атылымымен  Сұпығалиев Нұрбек, «Үздік шабуылшы»- Сажин Валентин, «Үздік байланыстырушы» аталымымен  Садықов Эдуард, «Үздік қорғаушы»- Нығметов Тимур,»Үздік төреші» ретінде Саматов Санат марапатталды.
Жеңіске жеткен командаларға дәрежелі дипломдар, арнайы сыйлықтар, медальдар мен кубок, ақшалай сыйлықтар табысталды.

Мирас Жұмашев,

«Шыңғырлау спорт клубының» әдіскері