4.03.2020, 10:53
Қараулар: 130
Өнерпаз жастар додасы

Өнерпаз жастар додасы

Ауданымызда бойында таудай таланты бола тұра көзден таса қалып келген өнерлі жастарды елге таныту, ән өнерін дамыту, жергілікті ақындардың ауданымызға арнаған әндерін насихаттау, талантты өнерпаздардың белсенділігін арттыру мақсатында «Жас Отанға» жобасы аясында «Нұр Отан» партиясы аудандық фелиалының қолдауымен, аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен «Шыңғырлау дауысы» ән байқауы өтті. Байқау үш кезең:  «Шырайлы мекен Шыңғырлау»-Шыңғырлауға арналған әндерді орындау, «Хит әндерді орындау» және «SuperLike» әлеуметтік парақшада жиналған лүпіл арқылы бауыс санын анықтау бойынша жүргізілді.

Аталған байқауға музыкалық кәсіби білімі бар мамандар мен әуесқой әншілерден құралған 14 үміткер Шыңғырлау ауылының атынан: А.Қалиев, А.Мендіғали, А.Хибашев, Ү.Кужанова, А.Сатпанов, А.Мақсот, А.Байдушев, Р.Ихсанова, «Ғасыр» дуэты, «Аққұм» триосы, Алмаз ауылының атынан: Н.Ямашев, Н.Төреахметова, Ақбұлақ ауылының атынан А.Рсалиев, Ақтау ауылынан Т.Капсанов қатысып, бақ сынады. Нәтижесінде, әділқазылар алқасының шешімен Бас жүлде «Аққұм» триосына бұйырды. Алмаздық Назерке Төрехметова І орын, Аңсаған Хибашев ІІ орын, Асылбек Мендіғали ІІІ орынды иемденді. Көпшілік көрерменнің ықыласына бөленген, бойында таланты бар, әуесқой әншілер Айбек Рсалиев, Үзілдік Кужановалар дипломанттар қатарынан орын алды. Шара соңында аудан әкімінің орынбасары А.Бисембаев барша қатысушыларға өз ықыласын білдірсе,  «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Байтенова демеуші ретінде барша қатысушыларды бағалы сыйлықтар мен дипломдармен марапаттап, «Шыңғырлау дауысы» жобасының басты ұйымдастырушысы А.Абаковқа, өнерпаздар Ж. Баубекова мен Д. Нұртазинге «Алғыс хат» ұсынды.

Осы өнер додасына ауыл-аудан орталығынан көп жиналған жұртшылық көңілден шыққан, жүрекке жеткен осындай шаралардың көптеп ұйымдастырылуына тілектерін білдірді.

Қалампыр ЖҰБАНИЯЗОВА,

аудандық мәдениет үйінің әдіскері