21.02.2020, 15:37
Қараулар: 241
Әжелер Ақтөбеден жүлдемен оралды

Әжелер Ақтөбеден жүлдемен оралды

Шыңғырлауда зейнеткерлердің соның ішінде әжелердің белсенділігі жоғары.Олар ауданның барлық қоғамдық жұмыстарына, шараларына ат салысып, ақыл-кеңестерімен, өз өнерлерімен ауылдастарын тәнті етіп келеді. Ауданның мерейін асқақтқан әжелеріміз жақында Ақтөбе қаласында болып, өнер сайысына қатысты. «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ шығармашылық бірлестігі  ұлы ақын Абайдың 175 жылдығына орай өнер фестивалін ұйымдастырған болатын. Байқау-фестивальге қатысушылар классика, дәстүрлі және эстрадалық ән, хор, ұлттық аспаптар оркестрі, жеке оырндау бағытында сынға түсті. Өнер додасына Шыңғырлау ауданынан  Халықтық «Елім-ай» әжелер ансамблінің өнерпаздары Талшын  Тажкенова, Алтын Жарманова, Қалима Ислямова, Тұрсын Қарабалиева, Қойсын Мұхамбетші,  Гүлсара Бекениязова  қатысып  қайтты. Облыс, ауданға кеңінен танымал «Елім-ай» әжелер ансамблі бұл ба      йқау-фестивальде де өздерінің тыңғылықты дайындығын, репертуарының кеңдігін тағы да бір паш етті. Ұлттық нақыштағы халық әндерін жүректерге жеткізе білген әжелер өнеріне за толы халық үлкен ықыласпен қол соқты. Халық әні «Беу, айдайды» орындаған ұжым І орынды жеңіп алса, эстрадалық ән жанры бойынша жеке орындаушы Алтын Жарманова да «Ақ қанат арман» әнімен І орыннан көрініп, мерейлері үстем болды.

Облыс, аудан намысын қолдан бермеген, өнер жолында өзіндік өрнектерін қалыптастырған ансамбль мүшелері жеткен жетістіктерін ұлы ақынның мерейтойына арнаған тартуымыз деп біледі.

 Қалампыр Жұбаниязова,

аудандық мәдениет үйінің әдіскері

Шыңғырлау ауданы