27.02.2020, 12:28
Қараулар: 116
Шыңғырлаулықтар «Тұңғыш Президент жолымен» эстафетасын Қаратөбеге табыстады

Шыңғырлаулықтар «Тұңғыш Президент жолымен» эстафетасын Қаратөбеге табыстады

Шыңғырлау ауданының делегациясы Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тұңғыш Президент жолымен» атты халық экспедициясының эстафетасын тапсыру мақсатында киелі Қаратөбе ауданында болды.

Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары А.Бисембаев бастаған делегация мүшелері Қаратөбе орталық саябағындағы «Мәңгілік алау» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталған салтанатты шара дәстүрлі түрлі бес диалогтық алаңында жалғасты. Бір мезетте бес жерде «Хакатон» форматында өткен алаңдарда «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы Елбасының тарихи рөлі», «Ата сөз – бата сөз», «ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында және «Рухани  жаңғыру» бағдарламасында белгіленген міндеттерді шешудегі БҚО  Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы аналар кеңесінің атқарған жұмыстары мен  мәселелерін талқылау», «ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы мен БҚО ҚХА этномәдени бірлестіктерінің Ассамблеяның жұмысына қосқан үлесі мен бүгінгі таңда қол жеткен нәтижелері туралы» және «Медиация және дебаттар: жақындасу нүктелері» тақырыптарында  қос ауданның өкілдері тақырыпқа сай пікір алмасты. Облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, Хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов, Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаев, Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары Азамат Бисембаев ел бірлігін дамытуға бағытталған шаралар туралы өздерінің пікірлерімен бөлісіп, екі  ауданның делегация өкілдері бір-бірімен тәжірибе алмасты.

Ресми шаралар аяқталған соң, Қаратөбе аудандық мәдениет үйінде жерлестеріміздің дайындаған көрмесі, тамаша концерттік бағдарламасы ұсынылды. Концерт соңында Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары А. Бисембаев аудан әкімі Ж. Асантаевқа «Қазақстан халқы Ассамблеясы – 25 жыл» кітабын табыстады.

Аман ІЗМҰХАН