5.08.2020, 11:03
Қараулар: 183
Дәстүрді дәріптеген отбасы

Дәстүрді дәріптеген отбасы

 

Ұмыт болып бара жатқан дәстүрлерімізді жаңғырту, ұлттық рухты, тәлім-тәрбиені дәріптейтін қазақтың салт-дәстүрлерін насихаттау  қашанда өзекті болып қала бермек. Осы мақсатты көздеп облыстық халық шығармашылығы орталығы «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы аясында «Ұлы дала дәстүрі» сайысын ұйымдастырған болатын. Онлайн өткен викториналық шараға  ауданымызға белгілі зейнеткер-ұстаздар Шорабаевтар отбасы қатысып, халқымыздың бай мұрасы туралы білімдерін ортаға салды. Жүлделі ІІ орынды иеленген өнерлі отбасының бұл жеңісі жұртшылықты сүйсіндірді. Саналы ғұмырын білім саласына арнаған Амангелді Дошұлы мен Халима Қайырханқызы жұртшылыққа сыйлы отбасылардың бірінен саналады. Зейнетке шықса да аудандағы қоғамдық жұмыстарға, мәдени шараларға белсене араласатын бұл жанұядан бүгінгі ұрпақ алар үлгі-өнеге жетерлік.

Гүлім ШЫНТАС