22.05.2020, 11:54
Қараулар: 161
         Ақынға арналған онлайн-сайыс

         Ақынға арналған онлайн-сайыс

Биылғы жылы ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын тойлауға арналған шаралар басталды. Дана ойшылдың мерейтойын ЮНЕСКО мен ТҮРКСОЙ аясында атап өту жоспарланып отыр. Ұлы ақынның мерейтойына орай ауданымызда Қазақстан  Республикасының «Елжанды-Жас Патриоттар» Академиясының мүшелері және аудандық «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының»  ұйымдастыруымен «Абай-ұлы тұлға» тақырыбымен онлайн-сайыс өткізілді. Байқаудың басты мақсаты-мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген өзге ұлт өкілдерінің ықыласын арттыру, қазақстандық рухани бірлікті қуаттау,  Елбасы жариялаған жарлыққа сай үш тұғырлы тіл деңгейін арттыру, шыңдай түсу.

Сайысқа өзін елінің жас патриотымын деп санайтын, өзгеге үлгі болып, өзін талпыныста ұстайтын, Абай өлеңдеріне қызығушылығы бар оқушылар қатысты. Байқауда тіл таңдауына шектеу қойылған жоқ. Қатысушы қазақ,орыс және ағылшын тілдерінде өнер көрсетті.  Онлайн сайыс соңында көркемсөз жанры бойынша Сегізсай негізгі мектебінің оқушысы Мадина Зарлықова,  Л.Қылышев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Айзере Назарова, Амангелді негізгі мектебінің оқушысы Ғадылбек Нұрдәулет, ақбұлақтық Мейрамбек Унгаралиев І орынды иеленсе, вокал жанрынан Шыңғырлау орта жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Сұлужан Задыгер, Л.Қылышев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Алина Жупиева озық шықты. Күй тартудан Есжан Сулейманов (Шыңғырлау орта мектебі) ерекшелене білді. Барлық қатысушылар тиісінше марапатталып, белсенділік көрсеткендері үшін алғысқа ие болды.