8.05.2020, 11:27
Қараулар: 243
Қолға алынбақ жобалармен танысты

Қолға алынбақ жобалармен танысты

Жуырда аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова жұмыс сапарымен Алмаз ауылдық округінде болып, ауылдың бүгінгі тыныс-тіршілігінен хабардар болып қайтты. Алдымен  ауылдағы әлеуметтік нысандарды аралап, еңбек ұжымдарымен кездесті. Ауылдың мүмкіндігін көре келе өз кәсібін ашуға ниет білдіріп отырған инвестордың өкілімен кездесіп, алдағы жоспарларымен танысты. Инвестор ағымдағы жылы 300 асыл тұқымды мал басын сатып алуды көздеп отыр екен. Инвестиция көлемі 120 миллион теңгені құрайды. Кәсіпкердің айтуынша алдағы жылдары мал санын 1000 басқа жеткізу жоспарында бар. Алмаз ауылының табиғатының мал ұстауға қолайлылығы, жерінің шұрайлылығын ескерсек бұл жерде кәсібін дөңгелетем деген жандарға барлық жағдай бар.
Мұнан әрмен аудан әкімі Самара-Шымкент тас жолының бойына болашақта салынғалы жатқан жағармай құю станциясы аумағына барып, аталмыш жобаны іске асыру мақсатында құзыретті мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

Аудан басшысы бүгінгі елімізде қалыптасып отырған ахуалға қарамастан түрлі шаруаларды батыл қолға алып отырған жандардың тірлігіне қанығып, сәттілік тіледі.

                                                                                                                       ГүлімШЫНТАС

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар