13.02.2020, 11:42
Қараулар: 186
Ғылым әлеміне қызығушылық танытты

Ғылым әлеміне қызығушылық танытты

Біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны, бастау бұлағы десек, асыра айтқандық емес. Қазіргі қоғам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған көптеген бұйымдар кезінде біздің халқымыздың тарихында ойлап табылған. Ұлы даланы мекен еткен  ежелгі адамдар талай техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын-соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасаған. Бұларды адамзат баласы жер жүзінің әр түпкірінде әлі күнге дейін пайдаланып келеді

Ағымдағы жылдың 31 қаңтар күні балалармен мектептен тыс жұмыс орталығында  Жер мен Ғарышты зерттеу туралы ғылымға оқушылардың қызығушылығын дамыту, жаратылыстану-математикалық, астрофизикалық, ғарыштық технология ғылымдары бағытындағы зерттеу жұмыстарына тарту мақсатында аудандық «Ғылым әлемін ашамыз» атты көрме-байқау ұйымдастырылды. Көрме-байқау 5 аталымнан тұрды.  Аудандық байқауға 7 білім ошағы — Л.Қылышев ат ОЖББМ, Шыңғырлау ОЖББМ, Белогор НМ, Алмаз ОЖББМ, Тасмола ОЖББМ, А.Тихоненко ат ОЖББМ,  Полтава негізгі мектептері қатысты.

Байқау  қорытындысы бойынша «Зымырандық техника, инфрақұрылым және экология» аталымы бойынша І орынды-Л.Қылышев ат ОЖББМ оқушылары  Серғали Азат, Исанғалиев Ансар (жетекшісі: Жұмағалиев М.Ж), ІІ орынды — Шыңғырлау ОЖББМ оқушылары Сулейманов Есжан, Бақытжан Шыңғыс (жетекшісі: Абубакирова), ІІІ орынды -Белогор негізгі орта білім беретін мектебінің оқушысы Аманай Аманғали,  Мұхамбетқали Әділет (жетекшісі: Ғұсманов Б.Б ) жеңіп алды.

 Ал, ««Ғарыштық  биология және медицина» аталымы бойынша бағалау қорытындысында жүлдегерлер төмендегідей  орындарды иеленді: І-орын жұмыстар болмағандықтан берілмеді. Алмаз орта жалпы білім беретін мектебінің оқушылары Мустафаев Аслан, Мұратов Ахмедияр (жетекшісі Көшелекова Б.Б) – ІІ орын, Тасмола орта жалпы білім беретін мектебінің оқушысы  Сагғдықова Бейбіт (жетекшісі Мухамбетова Г.А) – ІІІ орын.

 Көрме-байқаудағы  «Ғарыштық ақпараттық технологиялар» аталымы бойынша І орын-А.Тихоненко ат орта жалпы білім беретін мектеп оқушысы Сейткерей Адельге (жетекшісі Саинова А.Ж), ІІ орын  лайықты жұмыстар болмағандықтан  берілмеді. Ал, ІІІ орын- Полтава мектебінің оқушылары Құбайдуллова Гүлназ бен  Ғұмарова Әсемге (жетекшісі: Нығыметова Г.К ) берілді

   Оқушыларымыз «Астрофизика және Дүние жүзінің эволюциясы»  аталымы бойынша да өздерінің ізденісчтерін көрсетті. Нәтижесінде А.Тихоненка ат ОЖББМ оқушысы Әлімбаева Дильназ (жетекшісі: Таганиязова А.А ) — І орын, Белогор негізгі мектеп оқушысы Мұқатқали Ақбота (жетекшісі: Гусманов Б.Б ) – ІІ орын, ал  Л.Қылышев ат ОЖББМ оқушысы Қонысова Аяулым, Есқали Мадина (жетекшісі: Сарбалиев С.Б) – ІІІ орындарға лайық деп танылды.

Байқауда жүлделі орындарға ие болған оқушылардың жұмыстары ағымдағы жылдың 20-21 ақпанында өтетін облыстық байқауға жолданды.

 

Гүлім Каримова,

аудандық балалармен мектептен тыс жұмыс орталығының әдіскері

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар