12.08.2020, 16:11
Қараулар: 176
     Түсіндіру жұмыстары жалғасуда

     Түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Бүгінгі таңда қабылданған карантиндік шектеулер нәтижесінде өңірлерде эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға қол жеткізілуде. Осыған байланысты мемлекеттік мекемелер мен жұмыс берушілерді, басқа да ұйымдарды тарта отырып, маска режимін сақтау жауапкершілігін күшейту, барлық қоғамдық орындарда санитайзерлер орнатуды қамтамасыз ету, халыққа ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу жалғасуда. Жуырда мониторинг топ мүшелері Л. Қылышев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде болып қайтты. Осы ұжымда анықталған карантин талаптарының сақталмауына байланысты мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Мөлдір Жалғасқызымен кездесіп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Орын алып отырған олқылықты оқу ісінің орынбасары мұғалімдердің еңбек демалысынан шығып, әлі тәртіп мәселесіне жете мән бермей жатқанымен түсіндірді. Рейд барысында мониторинг топ мүшелері қандай жағдайда да басты талаптың сақталуы қажеттігін ескертті. Мектеп директоры Гүлнар Бақытжанқызымен телефон арқылы байланысып, бас санитарлық дәрігердің қаулысын еңбек ұжымында сақтау туралы айтылды. Өз кезегінде мектеп басшысынан мектепке қажетті санитайзерлер мен антисептикалық құралдарға тапсырыс берілгендігі жөнінде және мұғалімдер шектеу шараларына сәйкес жұмыстанатын болады,-деген жауап алдық.

Облыс әкімі Ғ.Есқалиев “қазіргі таңда тұрғындар арасында әлі де сақтық шараларына бейқамдық танытып жүргендер бар. Мобильді топтарды түсіндірме жұмыстарына араластырып, халыққа кеңінен ақпарат беру қажет»,-деп атап көрсеткен болатын. Ендеше, елімізде бүгінгі таңда сауықтыру шаралары оң нәтиже беруде деп арқаны кеңге салмай, індет қауіп төндірмейтіндей дәрежеге жеткенше жалпы тәртіпке бағынған жөн. Өзімізге де, өзгеге де залалымызды тигізбей, халқымыздың “денсаулық-зор байлық”деген дана сөзінің қадірін білейік.

                                                                               Светлана Байтенова,

                                                                  «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар