10.07.2020, 18:24
Қараулар: 95
Түлектердің тартуы

Түлектердің тартуы

Жуырда Ащысай орта жалпы білім беретін мектебінің 1998 жылғы түлектері Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында өздірінің білім алған мектебіне жалпы құны 300 мың теңгелік үстел мен орындақтарды табыс етті. Бүгінде түлектердің тағдырдың жазуымен өзге қалаларда тұрса да кіндік қаны тамған ауылдарына, білім алған мектептеріне қолдау білдіріп, демеушілік танытуы қуанышты жайт.

«Биылғы жылдың ақпан айында біздің мектепте түлектердің кездесу кеші ұйымдастырылған болатын. Сонда осы азаматтар асханамыздың жиһаздарын көріп, оқушыларға арнап жаңасын алып беруді уәде еткен еді. Міне, әлемдік жағдайға қарамастан, бір мезетте 80 оқушы ауқаттана алатын әдемі әрі сапалы үстелдер мен орындарды сыйға тартты. Асханамыздың ажары кіргеніне ұстаздар да, ата-аналар да риза. Осындай азаматтардың жанашырдық танытып, мектебімізге қолдау білдіргендеріне алғысымызды білдіреміз. Бұл азаматтардың мектеп бітіргендеріне 20 жылдан асса да туған елін ұмытпауы өскелең ұрпаққа да үлгі» дейді мектеп директоры Азамат Битинғалиев.

Ел мерейін еселеп, жұртшылықтың көңіліңе қуаныш сыйлайтын жерлестеріміздің игі істері көп болсын!

 

Аман ІЗМҰХАН

Шыңғырлау ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар