7.02.2020, 10:13
Қараулар: 18
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Шыңғырлауда

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Шыңғырлауда

6 ақпан күні Шыңғырлау ауданының әкімі Ержан Тұрмағамбетовтың халық алдындағы алғашқы есептік кездесуі өтті. Бұл шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев қатысты.

Мұхтар Наурызбайұлы өңіріміздегі сапар барысында алдымен аудандық мәдениет үйінің фойесінде дайындаған алдағы уақытта жүзеге асыралытын инвестициялық жобалардың  макет-көрмесімен танысты. Кондитерлік, тігін, ағаш, темір өңдеу цехтерінің өнімдерін тамашалап, аудан көлемінде жүзеге асырылатын инвестиция жобалары — кэмпинг, асыл тұқымды ірі қара, қой шаруашылығы жобаларының иелерімен жүздесті. Сонымен қатар,  облыс басшысының бірінші орынбасары аудандағы «Жастар жылында» атқарылған жұмыстарды және алдағы «Еріктілер жылына» жоспарланған шараларды баян ететін роликті тамашалап, жиналғандармен суретке түсті.

Бұдан кейін Мұхтар Наурызбайұлы «Астана» азық-түлік супермаркеті мен «Домстрой» сауда орталығының жұмысымен танысты. Өткен жылы ашылған  сауда орталықтары упермаркет жұмысымен «Астана» ЖК-нің  өкілі Р.Камзаев таныстырды. Өз бизнесін  жандандыру үшін «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы Fortebankтен 30 млн теңге несие алып, ісін дөңгелеткен кәсіпкер өз сөзінде барлығы 29 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырғанын жеткізді. Кейін облыс басшысының бірінші орынбасары Шыңғырлау ауылының темір жол аумағындағы күрделі жөндеуді талап ететін мәдениет үйінің ғимаратымен танысты.

Аман Ізмұхан

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар