7.05.2020, 11:44
Қараулар: 261
Мерекелік қабылдау

Мерекелік қабылдау

7 мамыр-Отан қорғаушылар күні қарсаңында әскери қызметте де, бейбіт күнде де еселі еңбек етіп, қоғамның белсенді мүшесі ретінде өздерін танытып келе жатқан бірқатар ер-азаматтарды аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова қабылдады. Аудан басшысы биылғы жылғы 75 жылдық мерейтойы аталып өткелі жатқан Ұлы Жеңістің ізбасарлары ретінде өскелең ұрпақты тәрбиелеуде еңбек етіп жүрген азаматтарға алғыс сезімін білдіріп, еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында әлі де қатардан қалмай қалтқысыз қызмет ететіндіктеріне сенетінін жеткізді.

Аудан әкімінің алғыс хатын алған мереке иелері өздеріне көрсетілген құрмет пен зор сенім үшін ризашылық сезімдерін білдіріп, бейбіт өмірде де ел қорғайтын сарбаздар қатарынан табыла беретіндіктеріне сендірді.

НазымАЙҚЫН

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар